• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 Қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 691 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5) уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен міндетті аудитті жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттен Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарын ресми жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарына сәйкес ұйымның жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін;"; 
2-1-тармақта "7)," деген сан алынып тасталсын; 
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 17 шілдедегі
 N 691 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 28 ақпандағы
 N 290 қаулысына
 1-қосымша
Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
2. "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
3. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
4. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
5. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
6. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
7. "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
8. "Қазақстан Ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ
9. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" АҚ
10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ
11. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК
12. "Қазаэронавигация" РМК
Ескертпе :  аббревиатуралардың толық жазылуы : 
АҚ         - акционерлік қоғамы 
РМК        - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 17 шілдедегі
 N 691 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 800 қаулысы.
2. "Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 182-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 478-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1420 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 48, 483-құжат).