• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2008 г

Отправить по почте

Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 173 Заңы

Осы Заң күшін жойды 01.01.2009 жылдан бастап ҚР 25.12.2008 жылғы № 112-IV Заңына сәйкес
Редакция 27.07.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) бәсеке - нарық субъектiлерiнiң дербес жасаған iс-әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн жарыстастығы;
2) бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлар - өз функционалдық қызметi, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, сөйтiп, сатып алушы оларды тұтыну процесiнде (өндiрiсте) бiр-бiрiмен алмастыратын тауарлар тобы;
3) келiсiм (келiсiлген iс-әрекеттер) - тараптардың бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары;
4) монополиялық жоғары баға - тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi негiзделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайын терiс пайдалану нәтижесiнде қосымша табыс алу мақсатында белгiлейтiн баға;
5)  монополияға қарсы орган  - бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк орган;
6) монополистiк қызмет - нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалануы, мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттерi;
7) монополиялық кiрiс - нарық субъектiсiнiң монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алған кiрiсi;
8) монополиялық төмен баға - тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi тауар нарығынан бәсекелестердi ығыстыру арқылы бәсекенi шектеу мақсатында саналы түрде белгiлейтiн тауар бағасы;
9) нарық субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi);
9-1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
10) тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - азаматтық айналым объектiсi болып табылатын мүлiк;
11) тауар нарығы - тауардың немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың айналым аясы, ол сатып алушының тауар сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалады;
12) тергеу - монополияға қарсы заңнаманы оны бұзушылық туралы iстердi қарау арқылы қолдану;
13) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi; 
14) тiркелген баға - осы Заң бұзылған жағдайларда монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган енгiзетiн баға;
15) үстем (монополиялық) жағдай - нарық субъектiсiнiң немесе бiрнеше нарық субъектiсiнiң тиiстi тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына шешушi ықпал етуге мүмкiндiк беретiн жағдайы. 
1-бап өзгертілді ҚР 27.07.2007. № 316 Заңымен (07.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және жеке және заңды тұлғалар, шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi), сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қатысатын республиканың тауар нарығындағы бәсекеге ықпал ететiн немесе ықпал етуi мүмкiн қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң, айрықша құқықтар объектiлерiн пайдалануға байланысты келiсiмдер бәсекенi шектеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, осы объектiлерге байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтiк құқықтық актiлерiнен  тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ РЕТТЕУШІ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ӨКIЛЕТТIКТЕРI
2-тарау өзгертілді ҚР 27.07.2007. № 316 Заңымен (07.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Монополияға қарсы органның жүйесi
Монополияға қарсы органның жүйесiн  монополияға қарсы орган  және оған бағынатын аумақтық бөлiмшелер құрайды. 
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн монополияға қарсы орган белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
5-бап. Монополияға қарсы органның функциялары
1) бәсекенi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету және iске асыру;
2) мемлекеттiк органдардың бәсекенi шектеуге бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кесу;
3) осы Заңның талаптарына қайшы келетiн экономикалық шоғырлануды болдырмау;
4) тиiстi тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдаланулардың алдын алу және жою;
5) бәсекеге қарсы келiсiмдердi, жосықсыз бәсекенi болдырмау және олардың жолын кесу;
6) бәсекенi және кәсiпкерлiктi дамыту негiзiнде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдесу;
7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау болып табылады. 
5-1-бап. Реттеуші органның функциялары
Реттеуші органның функциялары:
1) мыналарға: 
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне); 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуді жүзеге асыру;
2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау болып табылады. 
Баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілейді. 
5-1-баппен толықтырылды ҚР 27.07.2007. № 316 Заңымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
6-бап. Монополияға қарсы органның өкiлеттiктерi
1. Монополияға қарсы орган белгiленген функцияларға сәйкес: