Toggle Dropdown
27
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегі N 162 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 31.01.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
Toggle Dropdown
Осы Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
1 тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы
Toggle Dropdown
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.
Toggle Dropdown
2-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы.
Toggle Dropdown
3-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Toggle Dropdown
1
4-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының принциптерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
Toggle Dropdown
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлiлiктi және табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;
Toggle Dropdown
ғылымды, мәдениеттi, ағарту мен бiлiм беру iсiн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;
Toggle Dropdown
әлеуметтiк-экономикалық факторларды және жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушылықпен келтiрген залалды өтеу;
Toggle Dropdown
халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі туралы ақпаратпен еркiн танысу;
Toggle Dropdown
халықаралық құқық негiзiндегi халықаралық ынтымақтастық.
Toggle Dropdown
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншiк
Toggle Dropdown
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк меншiкте болады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.
Toggle Dropdown
2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
6-бап. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
1. Азаматтардың:
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгiленген тәртiппен пайдалануға, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларға қатысуға;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бiрлестiктерi мен қоғамдық қорларын құруға;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiнде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
2. Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланады және солар сияқты мiндеттi болады.
Toggle Dropdown
7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң:
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзiрлеп, насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қорық iсi саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға;
Toggle Dropdown
уәкiлеттi органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру бағдарламаларын, оларды құру жөнiндегi негiздемелер әзiрлеу iсiнде ұсыныстар енгiзiп, оған қатысуға;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк сараптамалар жүргiзудi талап етуге және қоғамдық сараптама жүргiзуге;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарға белгiленген тәртiппен қатысуға;
Toggle Dropdown
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен алуға;
Toggle Dropdown
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтарға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде сотқа талап-арыз беруге;
Toggle Dropdown
өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
2. Қоғамдық бiрлестiктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.