Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Осы редакция 01.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1287 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 19, 215-құжат);
2) "Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемді есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 және 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 358 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 170-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1287 қаулысымен бекiтілген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесi (бұдан әрi - Ереже) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi және басқа ағаш кесудi жүргiзу үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi босатудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн, бiрақ темiр жолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және осы объектілердi қолайсыз табиғат құбылыстарынан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шу әсерiн азайтуға арналған басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiнде орналасқан орман екпелерi үшiн осы Ереже өздерiнiң қорғаныш функцияларын және оларды пайдаланудың белгіленген тәртiбiн орындау үшiн осы екпелердiң мақсаты ескерiле отырып қолданылады.
3. Шекаралық аймақтарда орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату кезiнде осы Ереже Мемлекеттiк шекара туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескерiле отырып қолданылады.
4. Ұзақ мерзімді орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де ағаш кесу тәртiбiмен сүректi босату осы Ережеге, ағаш кесу ережесiне, сондай-ақ басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге және орман шаруашылығын жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандарында және басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда осы Ереже осы аймақтардың режимiне, орман шаруашылығын жүргiзудiң және ормандарды пайдаланудың орман заңнамасымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамамен белгiленген тәртiбiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.