Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2016 жылғы № 455 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі лицензияланатын қызмет саласындағы, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы лицензиар болып белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 579 Қаулысымен (19.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 256-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 76-құжат).
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысымен бекітілген
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 116 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Р/с |
Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: |
Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
Лездік лотереялар үшін |
|||
1 |
лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы |
өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс: |
2. |
ішкі бақылау қағидаларының болуы |
өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
еркін нысанда |
3. |
өтініш берушіде мыналардың болуы: |
||
1) |
лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай); |
лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
2) |
меншік құқығында тиесілі лотерея жабдығы (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу кезінде ғана); |
меншік құқығында лотерея жабдығының және аталған жабдықтың техникалық регламенттері мен стандарттарға сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
лотерея жабдығы – лотерея билеттері туралы әр түрлі ақпаратты тіркеуге арналған құрылғы немесе құрал, лотереялық ставкаларды қабылдауға, лотереяға қатысу үшін лотереялық чектерді беруге, жүлде қорын ойнатуды жүргізуге арналған, бірақ ұтыстарды төлеуді жүзеге асырмайтын бағдарламалық өнімдер және жабдықтар |
3) |
лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен); |
кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен, кассалардың және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
4) |
лотерея билеттерін сату жөніндегі субъектілермен шарт; |
лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған үлгі шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
5) |
қолдан жасаудан қорғау дәрежесін ашумен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат қамтылған лотерея билеттерінің үлгілері |
лотерея билетінің үлгісі – электрондық құжат нысанында |
лотерея билеті мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс: |
4. |
лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы |
лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
Тираждық лотереялар үшін |
|||
1. |
лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы |
өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс: |
2. |
ішкі бақылау қағидаларының болуы |
өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
еркін нысанда |
3. |
өтініш берушіде мыналардың болуы: |
||
1) |
лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай); |
лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
2) |
меншік құқығында тиесілі лотерея жабдығы (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу кезінде ғана); |
меншік құқығында лотерея жабдығының және аталған жабдықтың техникалық регламенттері мен стандарттарға сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
лотерея жабдығы - лотерея билеттері туралы әр түрлі ақпаратты тіркеуге арналған құрылғы немесе құрал, лотереялық ставкаларды қабылдауға, лотереяға қатысу үшін лотереялық чектерді беруге, жүлде қорын ойнатуды жүргізуге арналған, бірақ ұтыстарды төлеуді жүзеге асырмайтын бағдарламалық өнімдер және жабдықтар |
3) |
лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен); |
кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен, кассалардың және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
4) |
ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарт; |
ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінде өткізілетін тираждық лотереялар үшін |
5) |
лотерея билеттерін сату жөніндегі субъектілермен шарт; |
лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған үлгі шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
6) |
қолдан жасаудан қорғау дәрежесін ашумен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат қамтылған лотерея билеттері үлгілерінің болуы |
лотерея билетінің үлгісі – электрондық құжат нысанында |
лотерея билеті мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс: |
4. |
лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы |
лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
SМS-лотереялар үшін |
|||
1. |
лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы |
өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс: |
2. |
ішкі бақылау қағидаларының болуы |
өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
еркін нысанда |
3. |
өтініш берушіде мыналардың болуы: |
||
1) |
жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай); |
жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
2) |
лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен); |
кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен, кассалардың және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
3) |
ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарт; |
ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевидениеде тікелей трансляциялау туралы шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
4) |
лотереяға қатысушыларға мәліметтерді қамтитын кері SМS-хабарламаны жіберу жөніндегі міндеттемені көздейтін SМS-лотереяларды өткізуге ұялы байланыс операторларымен жасалған шарт |
ұялы байланыс операторларымен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
шартта мыналар туралы ақпарат қамтылуы тиіс: |
4. |
ақшалай қаражатты, соның ішінде электрондық құжаттарды (SMS-хабарламаларды) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы |
ақшалай қаражатты, соның ішінде электрондық құжаттарды (SMS-хабарламаларды) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
* Осы біліктілік талаптарына және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |