Toggle Dropdown
Осы редакция 08.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Комитеттiң төрағасына үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1129 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:
республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;
Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерін және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері болады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Қазынашылықтың егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33/Aбай даңғылы, 52.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Комитетке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мынадай салада мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу нәтижелерi туралы ақпаратты даярлау;
кезекті қаржы жылына арналған бюджеттiк тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттiң шығыстарын қаржыландыру;
мемлекеттік мекемелердiң тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сияқты шетел валютасы түрiнде де ақша аударымын жүзеге асыру;
екiншi деңгейдегi банктер және банктiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттiк мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жергiлiкті бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есеп берудi даярлау;
республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бөлiнiсiнде жүргiзiлген шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отыру;
ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың пайдалануы туралы, валюталық шоттардан шығыстар жасалғандығы туралы жиынтық есептер дайындау;
қазынашылықтың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезiнде ақша аударымын жүзеге асыру;
мемлекеттiк кепiлдiк, қарыз алушылардың қаражаты күшiне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
үкiметтік және мемлекет кепiлдiк берген борыштық мiндеттемелер мен талаптардың есебiн және үкiметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету;
қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргiзу;
бюджет ақшасы есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру;