• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 27.04.2006 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1119 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережe
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi: 
мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету; 
мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, темекi өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен әдiстемелiк басшылық жасау болып табылады. 
2. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендiк бақылау комитетi, Салық комитетi, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi, Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті, Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi. 
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Министрлiктiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлетті болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2005. № 1063 қаулысымен. (21.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi. 
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды: 
тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысуды; 
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды; 
бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды; 
заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды); 
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi; 
2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды: 
республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi; 
түсiмдердiң жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн және республикалық бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi; 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi, өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi; 
ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борыштың басқарылуын қамтамасыз етудi; 
келiссөздер жүргiзудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздарының шарттарына қол қоюды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды, мемлекеттiк емес қарыздары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер берудi ұйымдастыруды; 
мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған үкiметтік қарыздар, мемлекеттiк емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзудi; 
республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит берудi; 
үкіметтiк сыртқы қарыздар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi құжаттарды дайындауды; 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық негiзде үкiметтік қарыздарға мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес қарыздарға және кейіннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да әрiптестердi iрiктеудi; 
уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi; 
түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит келiсiмдердiң жобаларын дайындауды;