• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 559 Қаулысы

Редакция 24.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізілсін: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмiрi 123-69-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"123-69 АЛА-005277 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ"; 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-8-жолмен толықтырылсын: 
"217-8 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ"; 
3)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 № 387 Қаулысымен. (03.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi