"Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1377 Қаулысы
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Мемлекеттiк аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Сақтандыру рыногында аннуитеттiк өнiмдердiң жекелеген түрлерiн дамытуға жәрдемдесу Қоғам қызметiнiң негiзгі мәнi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамаға белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 500 000 000 (бec жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптасуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi белгіленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Редакция по состоянию на
Редакция по состоянию на
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь.