• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң кейбір мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 24.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1115 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 
2) Комитеттің құрылымы; 
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Комитеттің төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
3. Мыналардың: 
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 430-құжат) 2-тармағы 1) және 1-1) тармақшаларының; 
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік Мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күші жойылды деп тану" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695 (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат)  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1115 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (бұдан әрi - Комитет) орталық атқарушы орган құзыретiнiң шегiнде банкроттық рәсiмдердi жүргiзу саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады. 
Комитеттің өзiне берiлген өкілеттiктер шегінде дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң жүргізуiн бақылауды жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2006. № 333 қаулысымен. (22.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Комитеттің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, оның мемлекеттiң атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. 
4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай көшесi, 20. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2005. № 1063 қаулысымен. (21.04.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті" мемлекеттiк мекемесi. 
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 
8. Комитетті ұстауға apналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
9. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары және құқықтары
10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) арнайы атқару: 
егер борышкердiң жекелеген кредит берушiмен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан немесе соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн бiр кредит берушiнiң басқа кредит берушi алдындағы талаптарын артықшылықты қанағаттандыруға әкеп соқса, борышкер оны банкрот деп танығанға дейiн не кредит берушiлердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiленi жарамсыз деп тану туралы өтiнiш енгiзедi; 
кредит берушiлер комитетi оңалту және конкурстық басқарушылармен жасалатын оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындау тәртiбi мен шарттары, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде сыйақыға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару "көлігiндегi өкiлеттiктер көлемi туралы келiсiмдi келiседi; 
лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия бередi; 
борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолдануға келiсiм бередi; 
оңалту, конкурстық басқарушыларды және сырттан байқаушы әкiмшiнi тағайындайды; 
кредит берушiлер комитетiнiң құрамын қалыптастырады және бекiтедi және дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi мен оңалту рәсiмiнде оның алғашқы отырысын шақырады; 
кредит берушiлер комитетi оңалту немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттан байқаушы әкiмшiмен жасайтын келiсiмдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарайды; 
оңалту және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық iс жүргiзудiң, оңалту рәсiмiнiң және таратудың соттан тыс рәсiмiнiң әкiмшiлiк шығыстары сметасының жобасын келiседi; 
оңалту басқарушысының оңалту рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды (жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты талап етедi); 
сырттан байқаушы әкiмшiнiң сыртқы байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды; 
оңалту басқарушысының қорытынды есебiн келiседi және оңалту рәсiмiн жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытынды бередi; 
оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi; 
конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмi кезiнде, сондай-ақ сырттан байқау рәсiмi кезiнде кредит берушiлер комитетiнiң құрамын бекiтедi; 
кредит берушiлер талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi; 
кредит берушiлер мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы кредит берушiлер талаптарының тiзiлiмiне енгiзу туралы келiспеушiлiктердi қарайды; 
конкурстық iс жүргiзу мерзiмiн ұзартады;