"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 326 Қаулысы
Осы редакция 27.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 326 қаулысымен бекiтiлген
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi
Осы Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсiмдерiнде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетiмдiлiк, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестiгi қағидаттарында борышкердiң талап ету құқықтарын қоса алғанда мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
3) лот - аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар;
4) лоттың бастапқы бағасы - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
5) лоттың ең төмен бағасы - лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;
6) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
7) сатушы - конкурстық басқарушы;
8) сатып алушы - сатушымен, сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз;
9) сауда-саттыққа қатысушы - осы Ережеде белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
10) сауда-саттықты ұйымдастырушы - конкурстық басқарушымен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан және олардың нәтижелеріне мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;
11) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - бастапқы баға неғұрлым жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін алдын ала жарияланған қадаммен өсетін сауда-саттық әдісі;
12) сауда-саттықтың голландтық әдісі - бастапқы баға қатысушылардың бірі аукцион затын жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін жарияланған қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.09.2008 № 840 (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
2. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды иеленген не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға ықпал етуге қабiлеттi, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтардың және мемлекеттiң мүддесiн қорғау мақсатында конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн және конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге құқылы.
3. Борышкердiң мүлкiн сатуды сатушы белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспарына (бұдан әрi - сату жоспары) сәйкес сауда-саттық жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
2. Борышкердiң мүлкiн сатудың жоспарын жасау, келiсу және бекiту тәртiбi
4. Сату жоспарын сатушы түгендеу деректерiнiң және конкурстық массаны бағалау негiзiнде жасайды және ол лоттарға бөлiнген мүлiктiң тiзбесiн, олардың қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықтарды өткiзудiң дәйектiлiгiн, сауда-саттықтардың әдiстерiн, әрбiр лот бойынша бастапқы және ең төменгi бағаны қамтиды.
Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердің сату жоспары қызметінің негізгі түрін міндетті түрде сақтай отырып, борышкердің мүлкін аукционға бірыңғай лотпен бастапқы шығару туралы қосымша шартты қамтуы тиіс.
Сату жоспары, конкурстық басқарушыны (сатушыны) тағайындаған уәкiлеттi органға келiсуге ұсынылады. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған сату жоспарына келiсiм бередi не орындау үшiн ескертпелердi жою туралы қорытынды жiбередi.
Уәкiлеттi органмен келiсiлген сату жоспарын борышкердiң кредит берушiлер комитетi бекiтедi.
Қарсылық болған кезде борышкердiң кредит берушiлер комитетiнiң ұсынылған сату жоспарын уәкiлеттi органға шағымдануына болады, ол бес жұмыс күнi iшiнде қарсылықтың негiздiлiгi туралы қорытынды бередi және конкурстық басқарушыға борышкердiң кредит берушiлер комитетiнiң қарсылығына сәйкес сату жоспарына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi тапсырады не борышкердiң кредит берушiлер комитетiнiң қарсылығымен келiспейтiндiгi туралы қорытынды бередi. Уәкiлеттi органның борышкердiң кредит берушiлер комитетiнiң қарсылықтарымен келiспейтiндiгi туралы қорытындысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2008 № 840 Қаулысымен (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5. Мүлiктi бағалауды жүргiзу үшiн сатушы бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тартады, оның қызметiне ақы төлеу банкрот мүлкiнiң есебiнен жүргiзiледi.
6. Бағалаушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен, конкурс өткiзу орны, күнi және оның негiзгi шарттары туралы ақпараттық хабарламалар нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресми түрде жариялау құқығын белгiленген тәртiппен алған, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына немесе борышкер орналасқан жер бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргiзiледi.
7. Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда конкурстық басқарушы кредит берушiлер комитетiнiң келiсiмiмен мүлiктi сауда-саттыққа теңгерiмдiк құны бойынша шығаруға құқылы.
8. Сату жоспарын жасау кезiнде сату объектiлердi сауда-саттықтың ағылшындық және голландтық әдiсi бойынша сатудың бастапқы бағалары бағалау құнынан төмен болмайтын мөлшерде, ал бағалау болмаған кезде - теңгерiмдiк құн бойынша белгiленедi.
Дебиторлық берешек сауда-саттыққа голландтық әдiс бойынша оның номиналды мәнi мөлшерiндегi бастапқы бағасымен шығарылады.
9. Сауда-саттық ұйымдастыру және жүргiзу үшiн сатушы сауда-саттықты ұйымдастырушыны шартты негiзде тартуға құқылы. Сауда-саттықты ұйымдастыру туралы мәлiметтер, оны тарту қажеттiгi негiздемесiмен қоса сату жоспарына енгiзiледi.
10. Егер сату жоспарында көзделген сауда-саттық барлық немесе жекелеген лоттар бойынша өткiзiлмедi деп танылса, сатушы сату жоспарына осы Ереженiң 4-тармағында белгiленген тәртiппен келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзедi.
3. Сауда-саттықты дайындау жөнiндегi iс-шаралар
11. Сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргiзу туралы ақпараттық хабар нормативтiк құқықтық кесiмдердi ресми түрде жариялау құқығын белгiленген тәртiппен алған, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына немесе борышкер орналасқан жер бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында сауда-саттық жүргiзiлгенге дейiн кемiнде 10 күнтiзбелiк күн бұрын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.
Барлық немесе жекелеген лоттар бойынша сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргізілмеді деп танылған немесе сату жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін сауда-саттық жүргізудің негізгі шарттарын өзгерткен жағдайда келесі сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабар осы тармақта белгіленген тәртіппен жарияланады.
Сауда-саттық жүргiзудiң негiзгi шарттарына сауда-саттық өткiзу күнi, орны, уақыты және әдiсi, қойылатын лоттардың мөлшерi және олардың бастапқы және ең төменгi бағалары жатады.
Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредит берушілер комитетінің келісімімен анықтайды.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2008 № 840 Қаулысымен (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
12. Ақпараттық хабар мыналарды қамтуы тиiс:
1) сауда-саттық өткiзу күнi, орны және уақыты;
2) мүлкi сауда-саттыққа қойылатын борышкердiң атауы, қызметiнiң негiзгi бейiнi және мекен-жайы;
3) шығарылатын лоттардың әрбiр лотты құрайтын мүлiктiң қысқаша сипаттамасы бар тiзбесi;
4) әрбiр лот бойынша сауда-саттық өткiзу әдiсi;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |