Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 08.07.2014 жылғы № 777 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 326 қаулысымен бекiтiлген
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Банкроттық туралы » Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсімдерiнде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетiмдiлiк, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестiгi қағидаттарында талап ету құқықтарын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық нөмір – сауда-саттыққа қатысушыға берілетін нөмір;
2) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
3) лот – аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар;
4) лоттың бастапқы бағасы – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
5) лоттың ең төмен бағасы – лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;
6) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
7) сатушы – конкурстық басқарушы;
8) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз;
9) сауда-саттыққа қатысушы – осы Ережеде белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
10) сауда-саттықты ұйымдастырушы – конкурстық басқарушымен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан және олардың нәтижелеріне мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;
11) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі – ең жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін, алдын ала жарияланған қадаммен бастапқы баға өсетін сауда-саттық әдісі;
12) сауда-саттықтың голландтық әдісі – қатысушылардың бірі аукцион лотын жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін, жарияланған қадаммен бастапқы баға төмендейтін сауда-саттық әдісі;
13) уәкілетті орган – банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды иеленген не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға ықпал етуге қабiлеттi, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтардың және мемлекеттiң мүддесiн қорғау мақсатында конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн және конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге құқылы.
3. Борышкердiң мүлкiн сатуды сатушы, осы Ережеде белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспарына (бұдан әрi – сату жоспары) сәйкес сауда-саттық жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
2. Борышкердiң мүлкiн сатудың жоспарын жасау, келiсу және бекiту тәртiбi
4. Сату жоспарын сатушы, түгендеу деректерiнiң және борышкердің конкурстық массасын бағалау негiзiнде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жасайды.
Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердiң мүлкін (активтерін) сату жоспары мiндеттi түрде қызметiнiң негiзгi түрiн сақтай отырып, борышкердiң мүлкiн бастапқыда аукционға бiрыңғай лотпен шығару туралы қосымша шартты қамтиды.
Сату жоспары конкурстық басқарушыны (сатушыны) тағайындаған уәкілетті органға келісуге ұсынылады. Сату жоспарына: түгендеу актісі, бағалау актісі (бағалауды жүргізген кезде) немесе мүлікті теңгерімдік құны бойынша қоюға келісу туралы кредиторлар комитетінің хаттамалық шешімі, құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ егер мұндай келісім қолданыстағы заңнамада көзделсе, мүлікке (активке) құқықты іске асыруға мемлекеттік органдардың жазбаша келісімі қоса беріледі. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған сату жоспарына келiседі не орындау үшiн ескертпелердi жою туралы қорытынды жiбередi.
Уәкiлеттi органмен келiсiлген сату жоспарын борышкердiң кредиторлар комитетi бекiтедi.
5. Мүлiкке бағалау жүргiзу үшiн сатушы бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тартады, оның қызметiне ақы төлеу осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар комитеті бекіткен смета шеңберінде борышкер мүлкiнiң есебiнен жүргiзiледi.
6. Бағалаушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық хабарламаны мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына немесе борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңыздағы қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялана отырып, жүргiзiледi.
7. Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, конкурстық басқарушы, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес мүлiктi сауда-саттыққа теңгерiмдiк құны бойынша шығаруға құқылы.
8. Сату жоспарын жасау кезiнде сату объектiлерінің сауда-саттықтың ағылшындық және голландтық әдiсi бойынша сатудың бастапқы бағалары бағалау құнынан төмен болмайтын мөлшерде, ал бағалау болмаған кезде - теңгерiмдiк құн бойынша белгiленедi.
Дебиторлық берешек сауда-саттыққа голландтық әдiс бойынша оның номиналды мәнi мөлшерiндегi бастапқы бағасымен шығарылады.
Сату жоспары бір лот бойынша екі және одан да көп сауда-саттықтың өткізілуін көздемейді.
9. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу үшін сатушы қызметiне төлеу комитет кредиторы бекіткен смета шегінде борышкер мүлкiнiң есебiнен жүргiзiлетін сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту конкурстық негiзде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдiсiмен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес ақпараттық хабарламаны мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңыздағы қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялана отырып, жүргiзiледi.
3. Сауда-саттықты дайындау жөнiндегi iс-шаралар
10. Сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргiзу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына және борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңыздағы қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында сауда-саттық жүргiзiлгенге дейiн кемiнде 15 жұмыс күн бұрын жарияланады.
Егер сату жоспары бойынша барлық ұсынылатын лоттардың бастапқы құны 300 айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда, сауда-саттық жүргiзу туралы хабарламаны жариялау борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиiстi облыста (республикалық маңыздағы қалада) таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөнiндегi аукционды өткiзу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес анықтайды.
11. Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы барлық тiлек бiлдiрушiлерге борышкердiң сауда-саттыққа шығарылған мүлкi, сондай-ақ аукционды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережелерi туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзуін қамтамасыз етедi.
12. Сауда-саттыққа қатысуға осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғалар жiберiледi.
Сауда-саттыққа барлық тiлек бiлдiрушiлердiң қатысуға құқығы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары сауда-саттықтар жүргiзу кезiнде бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамада көзделген тәртiппен өз журналистерiн аккредиттей алады.
13. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн келесi күннен бастап жүргiзiледi және сауда-саттық басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттық өткiзудi бастау жергiлiктi уақыт бойынша сағат 11-ден ерте белгiленбейдi.
14. Сауда-саттыққа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |