• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014 г

Отправить по почте

20

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2013 жылғы № 126 Қаулысымен (15.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2013 жылғы № 126 Қаулысымен (15.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.10.2007 жылғы № 926 Қаулысымен (26.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 342-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2013 жылғы № 126 Қаулысымен (15.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, ішкі сауданы реттеу және дамыту, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, халықтың көші-қоны, «жасыл экономиканы» дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2013 жылғы № 484 Қаулысымен (12.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2
2. Министрліктің ведомствосы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
1
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
1
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 7 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
1
10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен  жүзеге асырылады.
13. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық  қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сауда қызметін дамыту.
2) салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат;
4) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш;
10) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
12) халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;
15) мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру;