Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 926 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттіктерін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 926 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
Министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимылда мемлекеттік фискалдық, инвестициялық, өңірлік (аумақтық) саясаттың, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, 35-көше, N 2 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" мемлекеттік мекемесі".
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі функциялары мен құқықтары
10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Министрліктің құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
2) нәтижелерге жетуге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз етуді және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, орта мерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын әзірлейді;
5) салық және бюджет саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
6) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі жөніндегі борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
7) бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы Заң жобасын әзірлейді;
9) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлейді;
10) мемлекеттік активтерді басқару саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
11) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді;
12) мемлекеттік функцияларға және бағдарламалық құжаттарға сәйкес бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) тізбесінің жобасын қалыптастырады;
13) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді болжауды жүзеге асырады;
14) шоғырландырылған бюджет жобасын әзірлейді;
15) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады;
16) Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) Министрліктің құзыреті шегінде аумақтық (өңірлік) даму саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
18) инвестициялық саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
19) ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
20) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
21) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
22) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
23) стратегиялық маңызы бар, оларға қатысты мемлекеттік меншік мониторингі жүзеге асырылатын экономика салалары объектілерінің тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
24) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
25) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың жобасын әзірлейді;
26) мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
27) мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, нақтылау, түзету сатыларындағы қызметін үйлестіреді;
28) макроэкономикалық көрсеткіштерді талдауды жүзеге асырады;
29) бағдарламалық құжаттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
30) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың орта мерзімді кезеңге арналған жай-күйі мен болжамын жыл сайын бағалауды жүргізеді;
31) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;
32) бюджеттік инвестициялар мен байланысты гранттардың тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізеді;
33) байланысты гранттарды тартуға арналған басымды өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
34) байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты қалыптастырады және жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
35) бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаларды) экономикалық сараптауды жүргізеді;
36) министрліктің құзыреті шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
37) министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді жетілдіруді ұйымдастырады;
38) мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдауды жүзеге асырады;
39) мемлекеттік меншік объектілерін басқаруды талдау мен бағалауды жүзеге асырады;
40) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
41) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
42) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысады;
43) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
44) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
45) мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмыс бейінін өзгерткен кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы ұсыныстар енгізеді;
46) негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлер бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдауды және өндірістік күштердің дамуын болжауды жүргізеді;
47) мемлекеттік меншік мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға қорытылған талдамалық жазбалар, даму болжамдарын, ұсыныстар мен ұсынымдар береді;
48) барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізеді;
49) ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы саясатты іске асыруды үйлестіреді;
50) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлейді;
51) бюджеттік өтінімдерді құру және ұсыну тәртібін әзірлейді;
52) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжамдау әдістемесін әзірлейді;
53) жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
54) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
55) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен іске асыру әдістемесін айқындайды;
56) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын талаптарды айқындайды;
57) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және қарау тәртібін айқындайды;
58) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және олар бойынша қорытындылар береді;
59) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимитін қалыптастырады;
60) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;
61) орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады;
62) лицензиарлар ұсынатын ақпаратты жинауды, талдауды, өңдеуді жүзеге асырады.
11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
13. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
14. Министр осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді.
15. Министрлік аппаратын басқаруды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
16. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық етуді жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымы мен штат санын бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртіптерінің сақталуын, кадр қызметі жұмысы мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорлары мен басқармаларының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарларға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
11) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
14) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Министрге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тиісті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқығы бар.
18. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқа болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан Министр бекітеді.
20. Министрлік қызметін қамтамасыз ететін оның қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен бекітіледі.
4. Министрліктің мүлкі
21. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
22. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.