• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 және 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 және 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 621 Қаулысы

Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (21.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптама;
2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама;
3) конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
4) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
5) концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
6) концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына сараптама;
7) концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалау;
8) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
9) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
10) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды;
12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды;
13) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды мониторингілеуді жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов