Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 19 қаңтардағы N 39 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "екi вице-министрi" деген сөздер "үш вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі