• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 19.05.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 61 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi экономика саласындағы зерттеулердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) қоғам жарғысын бекiтудi; 
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн; 
3) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне берудi; 
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.