Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 816 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 26.07.2016 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 184-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыпта және 1-тармақта «Орман шаруашылығы мен» деген сөздер «Орман шаруашылығы,» деген сөздермен ауыстырылып, «ережесін», «ережесі» деген сөздердің алдынан «және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыпта және 1-тармақта «Орман шаруашылығы мен» деген сөздер «Орман шаруашылығы,» деген сөздермен ауыстырылып, «ережесі» деген сөздердің алдынан «және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асыру кезінде өндірілген тауарларды, олардың алынған сүректі өңдеу өнімдерін, орманды жанама пайдалануды өткізу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі.
4-2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге;
2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
4) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ орман ресурстарын өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге;
5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
6) орман ресурстарын өңдеу үшін қажетті жабдықтар мен механизмдер сатып алуға;
7) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілерді салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
8) орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
9) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға;
2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;
3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;
4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;
5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметке байланысты инфрақұрылымды дамытуға;
6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге;
7) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, кару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
8) табиғат қорғау қызметіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілер салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
12) табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыруға және күтіп ұстауға;
13) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;
14) жарнамалық қызметті жетілдіруге;
15) экологиялық насихатқа;
16) теріс зкологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға жұмсалады.».
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 413-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 604 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |