• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 16

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы

Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығына сәйкес (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
  • 1
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 25 мамырдағы
N 124 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
  • 8
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ҚАҒИДАЛАРЫ
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2013 жылғы № 585 Жарлығымен (25.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес
  • 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, келісімшарт бойынша әскери қызметті және резервтегі әскери қызметті өткеру тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығымен (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығымен (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар – дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
2) жауынгерлік даярлық бойынша жиын – жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
2) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;
3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға резервтегі әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
5) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;
6) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия.
2-тарау. Әскери қызмет өткеру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Бейбіт кезде және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарында оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызметі бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сәйкес ерікті тәртіппен келісімшарт бойынша әскери қызмет және резервтегі немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2019 жылғы № 182 Жарлығына сәйкес (31.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уәкілетті органдардың бірінші басшылары Қағидаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді.
5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және әскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің (мекеменің) құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға (бітімгершілік операцияларына), жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, терроризмге қарсы операцияларға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайды.
7. Әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртіптік жарғыда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3-тарау. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Әскери қызметтің басталуы:
1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін – жергілікті әскери басқару органынан (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту) орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күн;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) резервтегі әскери қызметке кіргендер үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы шыққан күн;
8-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына түскендер үшін, егер оған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – ұландарды қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындары үшін әскери, арнаулы оқу орны бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетел әскери, арнаулы оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарында оқудың екінші курсын бітірген ұландар үшін – əскери, арнаулы оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа көшіру және кадет ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап саналады.
8-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
9. Әскери қызмет мерзімдері «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген және:
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.08.2024 жылғы № 626 Жарлығымен (29.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің аяқталу мерзімінің соңғы айының соңғы күнінен кешіктірілмей;
2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, келісімшарттың аяқталу мерзімінің соңғы айының тиісті күні;
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды немесе жиындарды, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күні не резервтегі әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен шығарылған күннен бастап аяқталады.
9-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әскери қызмет мерзімінің аяқталуы ондай күн болмайтын айға тура келген жағдайларда көрсетілген мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады.
Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына), сондай-ақ әскери қызметтен шығару бірінші басшының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына және азаматтық қорғау органдарына ауысуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады.
9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Әскери қызметшінің әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі қылмыстық немесе әкімшілік жазаны өтеу уақыты оның әскери қызмет мерзіміне есептелмейді.
10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әскери қызметшілердің әскери бөлім (мекеме) орналасқан жерді немесе қызмет (әскери жиындар) орнын нақты тастап кету уақыты, сол сияқты оның белгіленген мерзімде әскери қызмет (әскери жиындар) орнына негізсіз келмеуі – әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кету кезеңінің басталуы, әскери қызметшінің өзінің әскери бөлімге (мекемеге), әскери басқару органдарына немесе құқық қорғау органдарына келу уақыты не оны ұстап алу уақыты оның аяқталуы болып табылады.
11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің (еңбек сіңірген жылдарының) жалпы ұзақтығы оның әскерге шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да әскери қызметінің барлық уақытын, сондай-ақ әскери жиындардан өту, ал резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу уақытын қамтиды.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік есептеумен де, жеңілдікті есептеумен де жүргізіледі.
4-тарау. Келісімшарт жасасу және оның қолданысын тоқтату
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (19.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Қазақстан Республикасының азаматы әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) уәкілетті лауазымды адаммен ерікті түрде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша жазбаша түрде:
12-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2017 жылғы № 574 Жарлығына сәйкес (30.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жоғары офицерлер құрамының штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтындарды қоспағанда, уәкілетті органның бірінші басшысымен;
2) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының (жоғары офицерлер құрамын қоспағанда) штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – әскери бөлімнің (мекеменің) командирінен (бастығынан) бастап және одан да жоғары тиісті уәкілетті лауазымды адаммен;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.08.2022 жылғы № 986 Жарлығына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік орта, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түсетіндер – осы оқу орнының бастығымен;