1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 369 Жарлығы
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ереженің 2-тармағындағы»"5-6" деген цифрлар»"6-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2016 жылғы № 312 Жарлығымен (23.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; N 51, 671-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереженің 20 тармағында»"Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздер»"Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Қанат Бекмырзаұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға, Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Ербол Тұрмаханұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары, Бөрібаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет Асқар Ысмайылұлы және ақпарат вице-министрі, хатшы, Досжан - Қазақстан Республикасы Ардақ Дүкенбайұлы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Ертісбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрі, Тәжин - Қазақстан Республикасы Сыртқы Марат Мұханбетқазыұлы істер министрі, Түймебаев - Қазақстан Республикасы Білім Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі;
аталған Комиссияның құрамынан: Е.Ә.Аманшаев, О.Әбдікәрімов, Д.А.Калетаев, Е.М.Қосыбаев, Ж.Ә.Құлекеев, Қ.К.Тоқаев, А.А.Тілеубердин шығарылсын;
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жарлықтың тақырыбы мен мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбында және мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
тақырыбында "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
аталған Комиссияның құрамына Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;
көрсетілген Комиссияның құрамынан О. Әбдікәрімов шығарылсын;
6)»"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;
аталған Комиссияның құрамынан О.Әбдікәрімов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 369 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы, Комиссия төрағасы
Сағдиев - Республикалық ардагерлер ұйымы
Мақтай Рамазанұлы кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Көшкінов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ержан Сүлейменұлы Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Даниал Кенжетайұлы министрі
Ертісбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрі
Жексембинов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жомартқали Байәсілұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Оңалсын Исламұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қасымбеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Махмұт Базарқұлұлы Кеңсесінің бастығы
Түймебаев - Қазақстан Республикасы Білім және Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |