Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 02.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығы;
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығы;
Toggle Dropdown
3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3343 Жарлығы;
Toggle Dropdown
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы М 3841 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 20-құжат);
Toggle Dropdown
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 3892 Жарлығы;
Toggle Dropdown
6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 ақпандағы N 557 Жарлығы;
Toggle Dropdown
7) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 қарашадағы N 719 Жарлығының 1-тармағы;
Toggle Dropdown
8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы N 821 Жарлығы;
Toggle Dropdown
9) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1288 Жарлығы;
Toggle Dropdown
10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
Toggle Dropdown
11) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 238-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi
Toggle Dropdown
1-ҚОСЫМШA
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6) тармақшасына және 33-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
1
2. Кешірім жасауды өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамның өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Президентi өз қарауымен сотталған немесе жазасын өтеген адамға кешiрiм жасай алады.
Toggle Dropdown
4. Кешірім жасау туралы өтінішхаттар сот үкімі (қаулысы) заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
5. Кешiрiм жасау:
Toggle Dropdown
1) тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1-1) өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;
Toggle Dropdown
2) жазаны одан әрi өтеуден босату не белгiлеген жазаның мерзiмiн қысқарту;
Toggle Dropdown
3) сот белгілеген жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру;
Toggle Dropdown
3-1) қосымша жаза түрінен босату;
Toggle Dropdown
4) жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан сотталғандықты алып тастау түрінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия
Toggle Dropdown
6. Кешiрiм жасау туралы материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Комиссияның құрамын Президент бекiтедi.
Toggle Dropdown
8. Комиссияны төраға басқарады.
Toggle Dropdown
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.
Toggle Dropdown
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.
Toggle Dropdown
9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның мiндетi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi.
Toggle Dropdown
10. Комиссияның отырысы оның мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болып саналады.
Toggle Dropdown
11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.
Toggle Dropdown
12. Комиссия өз отырыстарына оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, сондай-ақ өзге де адамдарды шақыруға құқылы.
Toggle Dropdown
13. Комиссияның шешiмi оның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Сотталған адам үшiн неғұрлым қолайлы мәселе дауысқа бiрiншi болып салынады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделiп, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелерi қол қояды.
Toggle Dropdown
Шақырылған адамдар Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
14. Кешiрiм жасау туралы мәселе қаралған кезде:
Toggle Dropdown
1) жасалған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен деңгейi, сотталған адамның жеке басы, оның мiнез-құлқы, еңбекке көзқарасы, бас бостандығынан айыру орындарындағы ынталы ұйымдардың жұмысына қатысуы, өтелмеген жаза мерзiмi, отбасы жағдайы және кешiрiм жасау туралы өтiнiштi қарау кезiнде маңызы бар басқа да жағдаяттар;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Бас Прокурорының және Ішкі істер министрінің сотталған адамға қатысты кешірім жасауды қолданудың орындылығы туралы қорытындылары;
Toggle Dropdown
3) жазаны орындайтын органдар әкімшіліктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының пікірлері (болған жағдайда);
Toggle Dropdown
4) сотталған адамға кешірім жасау туралы жәбірленушінің не оның заңды өкілінің өтінішхаттары (болған жағдайда) зерделенеді және назарға алынады.
Toggle Dropdown
15. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол:
Toggle Dropdown
1) кешiрiм жасау туралы материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн қажеттi материалдарды дайындауды;
Toggle Dropdown
2) Мемлекет басшысының кешiрiм жасау туралы жарлықтарының уақтылы орындалуын бақылауды;
Toggle Dropdown
3) кешiрiм жасауды қолданудың практикасын қорытуды;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2
3. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдау тәртiбi
Toggle Dropdown
16. Сотталған адам жазбаша түрде кешірім жасау туралы өтінішхаттарымен Қазақстан Республикасы Президентінің атына жүгінеді.
Toggle Dropdown
17. Бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты жазаны орындайтын мекеменің әкімшілігі арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Гауптвахтада өтеумен қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшінің) кешірім жасау туралы өтінішхаты жазасын өтеу орны бойынша әскери полиция органдары арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Айыппұлға сотталған не жазаны өтеген, не жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам кешірім жасау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Президентінің атына өзі жолдайды.
Toggle Dropdown
18. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
19. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
19-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
19-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
20. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
21. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
22. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
23. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
24. Мекемелердің, жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі немесе ішкі істер органдары кешірім жасау туралы өтінішхатты тіркегеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдауы тиіс.
Toggle Dropdown
Кешірім жасау туралы өтінішхаттың жолданғаны туралы үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген адамға хабарланады.
Toggle Dropdown
25. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
Toggle Dropdown
1) жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;
Toggle Dropdown
1-1) сотталғанның өмірбаян деректері, оның отбасылық жағдайы, бұрынғы соттылығы, сотталғанға бұрын рақымшылық жасау актісін қолдану, сондай-ақ сотталғанның бұрынғы кешірім жасау туралы өтінішхаттарын қарау нәтижелері туралы мәліметтері көрсетілген сауалнама (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адамды қоспағанда);
Toggle Dropdown
2) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актілерінің куәландырылған көшірмелері;
Toggle Dropdown
3) мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының пікірімен бірге кешірім жасау актісін қолданудың орындылығы туралы ұсынуы (жазаны өтеген не жазаны одан әрі өтеуден босатылған, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруға сотталған адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының ұсынуын қоса береді);
Toggle Dropdown
4) мінездеме (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мінездемесін қоса береді);
Toggle Dropdown
5) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Toggle Dropdown
5-1) психологиялық мінездеме (мекеменің әкімшілігі қоса береді);
Toggle Dropdown
6) талап арыздары және өтелмеген берешегі туралы анықтама;
Toggle Dropdown
7) сотталған адамның, жазасын өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамның қалауы бойынша, сондай-ақ мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының бастамасы бойынша кешірім жасауды қолдану туралы мәселені қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.
Toggle Dropdown
Комиссияның жұмыс органы мекемелер, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан кешiрiм жасау туралы мәселені қарау үшін маңызы бар қосымша материалдарды сұратып ала алады.
Toggle Dropdown
26. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және мекемелер, ішкі істер органдары, жазаны орындайтын органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі, тиісті органдардың басшылығы куәландырады.
Toggle Dropdown
Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам өзі жолдаған материалдарды нотариат куәландыруға тиіс.
Toggle Dropdown
27. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
28. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің қарауы бойынша адамға кешірім жасау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы мекеме, жазаны орындайтын орган әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан, не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамнан қажетті құжаттарды сұратады.
Toggle Dropdown
29. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдаған мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны орындаушы орган:
Toggle Dropdown
1) сотталған адам қайтыс болған;
Toggle Dropdown
2) сотталған адам басқа мекемеге ауыстырылған;
Toggle Dropdown
3) кешiрiм жасау туралы мәселенi шешуге ықпал ететiн өзге де жағдаяттар пайда болған жағдайда Комиссияны хабардар етуге тиiс.
Toggle Dropdown
4. Кешiрiм жасау туралы өтiніштердi қарау бойынша iс жүргiзу
Toggle Dropdown
30. Кешірім жасау туралы өтінішхаты бар келіп түскен материалдарды Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Жоғарғы Сотына және Ішкі істер министрлігіне жібереді, олар келіп түскен сәттен бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған сот шешімдерінің мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді және кешірім жасау туралы әрбір өтінішхаттың мән-жайы жөнінде өз пікірлерін көрсете отырып, қорытындыларды ұсынады.
Toggle Dropdown
Соттаудың негізсіздігі немесе заңдылықтың бұзылуы жөнінде тексеруді қажет ететін деректер келтірілген кешірім жасау туралы өтінішхаттарды жұмыс органы не Комиссия тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
Toggle Dropdown
Кешірім жасау туралы өтінішхатпен қоса ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, Комиссияның жұмыс органы оларды пысықтауға қайтарады.
Toggle Dropdown
1
31. Жұмыс органы кешірім жасау туралы өтінішхаттары бар материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша және тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын алғаннан кейін Комиссияның қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
Кешірім жасау туралы өтінішхаттарды Комиссияның қарауына енгізуге негіздер болмаған жағдайда, жұмыс органы бұл туралы мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына кешірім жасау туралы өтінішхат берген адамды не осындай өтінішхаттармен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін хабарлайды.
Toggle Dropdown
32. Комиссияның ұсыныстарын қараудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті кешірім жасау туралы жарлықтар шығарады, олар шағымдануға жатпайды.
Toggle Dropdown
Кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қабылдамаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы бұл туралы кешірім жасау туралы өтінішхат берген адамды не осындай өтінішхатпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.
Toggle Dropdown
5. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
33. Кешірім жасау туралы жарлықтар қадағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, орындалу үшін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне немесе жазаны орындайтын өзге органдарға жіберіледі.
Toggle Dropdown
34. Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе жазаны орындайтын өзге орталық мемлекеттік органдардың басшылары ұсынады.
Toggle Dropdown
35. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-ҚОСЫМШA
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ
Toggle Dropdown
|
Бәшімов Марат Советұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)
|
|
|
|
Комиссия мүшелері:
|
|
Асанова Жанна Бейсентайқызы
|
–
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),
|
|
Борчашвили Исидор Шамилович
|
–
|
заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
|
|
Әубәкірова Индира Оралқызы
|
–
|
заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша);
|
|
Тұрмағамбетова Жемiс Өтегенқызы
|
–
|
«Адам құқығының хартиясы» қорының атқарушы директоры (келісім бойынша).
|
Toggle Dropdown
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.