• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 27.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 576 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс (үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; N 44, 422-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақта "ұйымдастыру жұмысы" деген сөздер "ұйымдастыру-кадр жұмысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі N 3051  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 267-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
2-тармақта "Жалпы", "Заңнама және құқықтық сараптау бөлімге" деген сөздер тиісінше "Құжаттамалық қамтамасыз ету", "Мемлекеттік құқық бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздер "Мемлекеттік құқық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта: 
бірінші абзацта "жалпы бөліміне" деген сөздер "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта "Жалпы бөлімінде" деген сөздер "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9-тармақтарында "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздер "Мемлекеттік құқық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 36, 337-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
4-тармақтың бесінші абзацындағы, 5-тармақтың екінші абзацындағы, 8-тармақтағы "ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы" деген сөздер "көмекшісі -" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097  Жарлығына: 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ереженің 19-тармағының екінші абзацындағы "ол болмаған кезде Әкімшілік Басшысының тиісті" деген сөздер "ол уәкілеттік берген Әкімшілік Басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 40, 417-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде: 
13-тармақта: 
", Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы" деген сөздер алып тасталсын;
17-тармақтағы "және Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы" деген сөздер алып тасталсын;
21-тармақтың 2) тармақшасындағы "және Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының" деген сөздер алып тасталсын;
6) "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377  Жарлығына: 
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "Мемлекеттік-құқық бөлімі" деген сөздер "Құқық қорғау жүйесі бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат; 2005 ж., N 19, 227-құжат; 2006 ж., N 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында (лауазымдар бойынша):
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі" деген жолдағы "Кадр саясаты" деген сөздер "Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі" деген жолдағы "Әлеуметтік-саяси" деген сөздер "Ішкі саясат" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамында:
"Көшкінов Ержан             - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Сүлейменұлы                   Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және                                 ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор                                 меңгерушісі, Комиссия хатшысы"       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Көшкінов Ержан             - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Сүлейменұлы                   Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және                                 ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің                                 сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы";
көрсетілген Комиссияның құрамынан О.И.Жұмабеков шығарылсын;
9) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат; N 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы ережеде:
16-тармақта "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздер "Құқық қорғау жүйесі бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Дүтбаев Нартай              - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Нұртайұлы                     кеңесшісі, төрағаның орынбасары;
"Имашев                     - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік 
Берік Мәжитұлы                Кеңесінің хатшысы, төрағаның                                 орынбасары", "Ахметжанов                 - Қазақстан Республикасы Президенті 
Саян Қылышұлы                 Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот                                 жүйелері мәселелері бөлімінің бас                                 инспекторы, хатшы"       деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: