• Мое избранное

Отправить по почте

37

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығы

Осы Жарлықтың тақырыбы өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.12.2020 жылғы № 473 Жарлығына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.05.2022 жылғы № 903 Жарлығына сәйкес (23.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.12.2020 жылғы № 473 Жарлығына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ- 35 Бұйрығына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 30, 260-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 828 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 260-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Жарлық қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде:
2) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілері мен тапсырмаларын олардың орындалу мерзімдерін осы Жарлыққа сәйкес қайта қарап түгендеуді жүргізсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
9
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 08.04.2012 жылғы № 295 Жарлығымен (27.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2013 жылғы № 550 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (17.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 30.12.2016 жылғы № 402 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 878 Жарлығымен (21.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 29.04.2019 жылғы № 35 Жарлығымен (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 03.07.2019 жылғы № 50 Жарлығымен (29.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 20.12.2020 жылғы № 473 Жарлығымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 23.10.2021 жылғы № 680 Жарлығымен (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.05.2022 жылғы № 903 Жарлығына сәйкес (23.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):
1) Президент жолдауының жобасын дайындау, келісу және Президенттің қарауына ұсыну;
2) Президенттің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну;
4) Президенттің актілері мен тапсырмаларын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауын бақылауды жүзеге асыру;
5) Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді.
2.  Президенттің актілері мен тапсырмаларының негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, олардың лауазымды адамдары болып табылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе жалғыз құрылтайшы түріндегі Үкіметке жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.
3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Президент актілері мен тапсырмаларының енгізілетін жобаларының дайындалу сапасы, оның ішінде заңнама талаптарына сәйкестігі, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі, қаралатын мәселелердің толық және жан-жақты пысықталуы үшін жауапты болады.
1) Президенттің актілері – Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2) Президенттің тапсырмалары – өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі), Қазақстан халқы Ассамблеясы (сессияның және Кеңестің шешімдері) және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалар; Президенттің қызметтік құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары, соңдай-ақ Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.12.2023 жылғы № 403 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Президенттің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соңдай-ақ келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңдік бақылау іс-қимылдарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жиынтығы;
4) Президенттің жолдауы – Президенттің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы үндеуі;
5) Президенттің актісін немесе тапсырмасын іске асыру жөніндегі бақылауды бекіту – актінің/тапсырманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тапсырманың әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімін, аяқталу нысанын, жауапты орындаушыларды, бақылауды жүзеге асыру деңгейін, Президент Әкімшілігінің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелерін және қажет болған кезде орындаудың түпкілікті нәтижесін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.12.2023 жылғы № 403 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Президенттің актісін немесе тапсырмасын орындау – актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған мақсаттар мен міндеттерге, актінің немесе тапсырманың түпкілікті нәтижесіне және/немесе аяқталу нысанына толық және сапалы қол жеткізу және оларды толық және сапалы орындау;
7) Президент актісінің немесе тапсырмасының орындалу мерзімін ұзарту – бастапқы белгіленген орындау мерзімі өткен соң, оның ішінде аяқталу нысаны немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу бойынша орындалмаған, орындауды аяқтау мүмкін болмаған немесе толық, сапалы орындалмаған жағдайда, Президенттің немесе осы Қағидалардың 71 және 76-тармақтарында көрсетілген өзге де уәкілетті адамдардың актінің немесе тапсырманың тармағын орындаудың келесі мерзімін айқындау жөніндегі шешімі;
8) Президенттің актісін немесе тапсырмасын сапасыз орындау – орындау сапасына кінәраттардың болуы, оның ішінде формалды орындау, орындаушылардың келісілмеген және пысықталмаған ұсыныстар мен тұжырымдарды енгізуі, бұрын Президент Әкімшілігі берген ескертпелердің жойылмауы. Сапасыз орындалғаны туралы тұжырым Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі – Премьер-Министр) немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде қамтылады;
9) Президенттің актісін немесе тапсырмасын ішінара орындау – жоспарланған барлық іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде аяқталмауы, есептік ақпаратты толық ұсынбау, актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған міндеттердің толық орындалуын, сондай-ақ жоспарланған мақсаттарға, нәтижелерге және аяқталу нысанына толық қол жеткізуді қамтамасыз етпеу. Актінің немесе тапсырманың ішінара орындалғаны туралы тұжырым Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында (орындауды бағалауында), Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органның есептік ақпаратында қамтылады;
10) Президенттің актілері немесе тапсырмалары бойынша есептік ақпарат – жауапты орындаушы актінің немесе тапсырманың орындалу барысы және нәтижелері туралы хабар беру үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша дайындаған құжат;
11) Президенттің бақылаудағы актісіне немесе тапсырмасына сараптамалық қорытынды – тапсырманың толық және сапалы орындалуын, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді/ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырудың объективтілігін бағалау үшін Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындаған құжат. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысының құрылымына қойылатын талаптар Президент Әкімшілігінің ішкі актілерінде белгіленеді;
12) орындаудың түпкілікті нәтижесі – іс-қимылдардың, оқиғалардың күтілетін сандық және/немесе сапалық көрсеткіші. Түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады;
13) қосарланатын тапсырма – мазмұны (мағыналық мәні) немесе түпкілікті нәтижесі бақылауда тұрған актіні немесе тапсырманы толығымен қамтитын тапсырма;
14) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 04.12.2023 жылғы № 403 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу тәртібі
5. Жыл сайын қыркүйекте Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдауын арнайды.
6. Жыл сайын мамырда Үкімет және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне Президент жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстар жібереді.
7. Президент Әкімшілігі жолдау жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша түпкілікті ұсыныстарды түзеді, олар Президентпен келісіледі.
8. Президент Әкімшілігі жолдау жобасын Президентке 20 тамызға дейін ұсынады.
9. Президент жолдауды, оның ішінде кезектен тыс тәртіппен дайындау мен арнаудың өзгеше тәртібін, мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі