Toggle Dropdown
15
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 27.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және 58-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары;
Toggle Dropdown
2) Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
8
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Toggle Dropdown
3. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығару Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңдарында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
Toggle Dropdown
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары (бұдан әрі – паспорттар) бойынша Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Toggle Dropdown
Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады.
Toggle Dropdown
6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасалған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
Toggle Dropdown
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;
Toggle Dropdown
болудың өзге мерзімдері айқындалатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;
Toggle Dropdown
уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;
Toggle Dropdown
бұған дейін Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң;
Toggle Dropdown
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – сот шешімінің негізінде олар елден шығарып жіберілген жағдайларды қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға арналған құжаттарды ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң;
Toggle Dropdown
қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – өтініш Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз өткен соң;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін – тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады;
Toggle Dropdown
қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;
Toggle Dropdown
айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші оның мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасынан шығады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасына келген кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кірген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді есептеп шығару арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
Егер көшіп келуші келген кезде өзіне рұқсат етілген болу мерзімінен артық болғаны анықталса, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1) тармақшасының негізінде кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде рұқсат етілген болу мерзімін есептеу бақылау күнінен (көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын айқындау қажет болатын күн) бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасынан шыққан кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кететін күнінен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Болу мерзімін есептеудің осындай тәртібі осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көшіп келушілер үшін қолданылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн болуға қатысты талаптар мына көшіп келушілерге қолданылмайды:
Toggle Dropdown
белгіленген тәртіппен уақытша тұруға рұқсат алғандар;
Toggle Dropdown
бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болса, әуе кемелері экипаждарының мүшелері;
Toggle Dropdown
кеме рөлінде немесе одан үзінді көшірмеде жазба болса, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;
Toggle Dropdown
әрбір рейске бекітілетін қалыптастыру парақтары бойынша поездардағы, рефрижераторлық және локомативтік бригадалардың мүшелері;
Toggle Dropdown
халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көлік құралдарының (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан асатын) жүргізушілері, жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтетін автобус жүргізушілері (жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орындары 12-ден асатын);
Toggle Dropdown
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;
Toggle Dropdown
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
Toggle Dropdown
мемлекеттердің ресми мемлекеттік және үкіметтік делегацияларының мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;
Toggle Dropdown
қызметтік куәліктері (ұйымдардың басшылығы (жергілікті атқарушы орган) куәландырған атаулы тізімдер) болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін қызметкерлер;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтардағы персоналға және тұрғындарға қатысы бар адамдар (уақытша немесе тұрақты тіркелгенін растайтын құжаты болса).
Toggle Dropdown
7. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілер жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға жіберілмейді.
Toggle Dropdown
8. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуіне және Қазақстан Республикасынан кетуіне Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша тыйым салынады.
Toggle Dropdown
9. Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Toggle Dropdown
Көшіп келушілерді есепке алу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Уақытша тұруға рұқсат:
Toggle Dropdown
1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;
Toggle Dropdown
2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
Toggle Dropdown
3) көшіп келушілерді күндізгі оқу нысанына қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушылармен алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
Toggle Dropdown
4) көшіп келушілер стационарлық емдеуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
Toggle Dropdown
5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.
Toggle Dropdown
Уақытша тұруға рұқсат көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.
Toggle Dropdown
Уақытша тұруға рұқсат КҚП АЖ-да ресімделіп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беріледі, кейіннен ақпарат «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) беріледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты ресімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар көшіп келушілерге еңбекші көшіп келушіге рұқсат, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат осы рұқсат қолданылатын мерзімге ресімделеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте АХҚО инвестициялық резидентінің отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі АХҚО инвестициялық резидентінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына отбасымен қосылу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат шақырушы тұлғалардың өтінішхаты бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімге ресімделеді.
Toggle Dropdown
Медициналық мекемелерде стационарлық емделуде жатқан көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат денсаулық сақтау ұйымының өтінішхаты (медициналық анықтамасы) бойынша емделуге қажетті кезеңге ресімделеді.
Toggle Dropdown
Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасымен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ үш жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді.
Toggle Dropdown
Заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымдардың өтінішхаттары бойынша өтінішхатта көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша үш айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен алты айға ресімделеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының визасымен келген;
Toggle Dropdown
дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;
Toggle Dropdown
16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
Toggle Dropdown
Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат өтінішхатты қарау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ресімделеді.
Toggle Dropdown
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
13. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) мыналар:
Toggle Dropdown
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;
Toggle Dropdown
2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
Toggle Dropdown
3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
Toggle Dropdown
4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсат негізінде жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй жұмыскерлері ретінде келген көшіп келушілер.
Toggle Dropdown
14. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15. Бизнес-көшіп келушілер «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуі үшін қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
16. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, маусымдық шетелдік жұмыскерлер, гуманитарлық себептер бойынша келетін көшіп келушілер жалпы негізде уақытша тұруға рұқсат ресімдейді.
Toggle Dropdown
3. Жекелеген шетел мемлекеттері азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
Toggle Dropdown
17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспаса, Иран Ислам Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік қырық екі күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, сапарларының ұзақтығы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделгенге сәйкес келмейтін көшіп келушілер Қазақстан Республикасының аумағына кірер алдында тиісті виза алуға өтініш беруге тиіс.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспаса, Түркия Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Toggle Dropdown
18. Осы Қағидалардың 17-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатпен болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен «іскерлік» санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттер азаматтарының инвестор мәртебесін дәлелдейтін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты болған кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге «инвесторлық» санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19-1. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттер азаматтарының АХҚО инвестициялық резиденті мәртебесін растайтын АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты болған кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бес жылға дейінгі мерзіммен «инвестор» санатындағы визаларды беруді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзартуды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекші көшіп келушілері және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына визасыз келеді, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген рұқсат берілген болу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасында визасыз болады және кетеді.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасында визасыз және уақытша тұруға рұқсатсыз болады.
Toggle Dropdown
4. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп-тұруы және транзитпен жол жүруі және олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жер таңдауы
Toggle Dropdown
22. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерді таңдай алады. Жүріп-тұру мен тұрғылықты тұратын жерді таңдаудағы шектеулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағының 7) тармақшасына сәйкес белгілейді.
Toggle Dropdown
23. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы арқылы жүріп-тұруы, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) бару тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
Toggle Dropdown
24. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары ресімделеді.
Toggle Dropdown
25. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүруіне, оларда үшінші елге кіру үшін жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәуліктен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
26. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы визасыз келу туралы келісім бар өздерінің азаматтығы мемлекеттерінің елдеріне транзитпен өтетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының транзиттік визасын ресімдейді.
Toggle Dropdown
26-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
27. Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған не көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында одан әрі болуының негіздері болмаған жағдайларда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған көшіп келушілер, яғни тұру құқығына құжаттарсыз тұрып жатқан немесе жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін шығудан жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүру қағидаларын сақтамайтын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде ескерту, айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу анықталған және шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам құқық бұзушылық фактісін мойындаған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам елден ішкі істер органдары не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шығарған процестік шешім негізінде елден тыс жерге шығады.
Toggle Dropdown
28. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімдерді ішкі істер органдары қабылдайды.
Toggle Dropdown
29. Сот шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы шешім шығарған кезде оларды шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұстап алуға және ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.
Toggle Dropdown
30. Көшіп келуші оны Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешімге азаматтық процестік тәртіппен шағымдана алады.
Toggle Dropdown
31. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын көшіп келушілердің болу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
Toggle Dropdown
32. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну процесі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматы болып табылатын елге) шығарып жіберілмейді, бұл кезде олар құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 143 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы " 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы " 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және мыналардың:
Toggle Dropdown
1) көші-қон бақылауын жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарының осы Қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру
Toggle Dropdown
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібіне көші-қон бақылауын ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Ішкі істер органдары көшіп келушілерді есепке алуды көшіп келушілер уақытша тұратын жерде, оның ішінде «Бүркіт» БАЖ-дан, «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталынан (www.vmp.gov.kz), «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінен (www.eqonaq.kz) және ҚР ІІМ ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу арқылы жүргізеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өткенде шақыруды ресімдеген кезде шақырушы тарап көрсеткен мекенжай бойынша «Бүркіт» БАЖ арқылы автоматты түрде есепке алынады.
Toggle Dropdown
Көшіп келушіні қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталына ақпаратты www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес цифрлық электрондық қолтаңба арқылы енгізеді не хабарламаларды көші-қон қызметі бөлімшелеріне тікелей ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың болуы туралы хабарламаларды «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің қолданушылары www.eqonaq.kz веб-сайты арқылы осы жүйемен де жолдай алады.
Toggle Dropdown
5. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері:
Toggle Dropdown
1) шетелдікте ұлттық паспортының, визасының не уақытша тұруға рұқсатының болуын, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда – тұруға ықтиярхаттарының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуын;
Toggle Dropdown
2) шетелдіктердің шетелге уақтылы кетуін немесе Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзартуын;
Toggle Dropdown
3) шетелдіктердің еркін жүруіне жабық жерлерде болуға рұқсатының болуын тексереді.
Toggle Dropdown
6. Ішкі істер органдарының қызметкерлері:
Toggle Dropdown
1) шетелдіктердің тұрғылықты немесе уақытша болатын жері бойынша;
Toggle Dropdown
2) шетелдіктердің жұмыс немесе оқу орны бойынша;
Toggle Dropdown
3) әуе, темір жол және көліктің басқа түрлерінде;
Toggle Dropdown
4) көшелер мен қоғамдық жерлерде бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Бақылау:
Toggle Dropdown
1) азаматтардың тұрғын үй-жайларын қарап шығу;
Toggle Dropdown
2) жатақханалар мен қонақ үйлерді және шетелдіктердің болуы ықтимал жерлерді тексеру;
Toggle Dropdown
3) пойыздарда жүру;
Toggle Dropdown
4) автокөлік құралдарын тексеру;
Toggle Dropdown
5) жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар жүргізу;
Toggle Dropdown
6) қолданыстағы заңнамада көзделген басқа нысандар мен әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамның «Бүркіт» БАЖ пайдаланылатын бақылаумен өз бетінше шығуы арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлі түрде шығарып жіберу шығарып жіберу туралы акт жасала отырып, сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен не көрсетілген адам аумағына шығарылатын шет мемлекеттің билік өкіліне беру арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу соттың шығарып жіберу туралы қаулысының (үкімінің) негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамдар үшін соттың шығарып жіберу туралы қаулысы визаны алмастыратын құжат және уақытша тұруға рұқсат болып табылады.
Toggle Dropdown
8-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу
Toggle Dropdown
9. Заңнаманы бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары электрондық форматта, сондай-ақ тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру арқылы жүргізеді.
Toggle Dropdown
10. Ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз өтуіне, Қазақстан Республикасында заңсыз болуына байланысты заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды дербес жүргізеді.
Toggle Dropdown
11. Ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары "Бүркіт" БАЖ-ды заңнаманы бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ақпаратпен дереу толтырады.
Toggle Dropdown
12. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің саны және дербес деректері туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері ай сайын ҚР ІІМ-ге ұсынады.
Toggle Dropdown
13. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген көшіп келушілердің «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес шығарып жіберу туралы сот шешімін орындаған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Сот шешімін орындау негізінде ол заңды күшіне енгеннен кейін бастамашы орган «Бүркіт» БАЖ-ға бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған адамдар туралы ақпаратты енгізеді.
Toggle Dropdown
14. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат).
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 320-құжат).
Toggle Dropdown
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 171-құжат).
Toggle Dropdown
4. "Көші-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 10, 119-құжат).
Toggle Dropdown
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 702 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 702-құжат).
Toggle Dropdown
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 881 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 412-құжат).
Toggle Dropdown
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 399-құжат).
Toggle Dropdown
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 725 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 28, 305-құжат).
Toggle Dropdown
9."Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 34, 366-құжат).
Toggle Dropdown
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 10 тамыздағы № 688 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 323-құжат)
Toggle Dropdown
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 2010 ж., № 22-23, 169 құжат).
Toggle Dropdown
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 228-құжат).
Toggle Dropdown
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 36, 432 құжат).