Toggle Dropdown
"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1787 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Визаларды беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) бірлесіп айқындайды»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«5-1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі көші-қон карточкасында көрсетілген тіркеу мерзімі өткен соң аяқталады.
Toggle Dropdown
Болу мерзімі көшіп келушінің немесе оның жақын туыстарының ауыр науқасына, форс-мажор жағдаяттарына байланысты көші-қон карточкасына белгі қоя отырып, растайтын құжаттардың негізінде ұзартылады.».
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Көші-қон карточкаларын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп белгілейді.»;
Toggle Dropdown
10-тармақта:
Toggle Dropdown
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Келу мен болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу визасыз болу рұқсат етілген мерзімге жасалады. Егер нақты мерзім белгіленбесе, тіркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге ресімделеді және одан әрі осындай мерзімдерге ұзартылады.»;
Toggle Dropdown
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Тұрақты немесе уақытша тұратын жері өзгерген жағдайда көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.»;
Toggle Dropdown
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«17. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы бойынша жүріп-тұру, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) бару тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп айқындайды.»;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында:
Toggle Dropdown
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) жүргізіледі және көші-қон карточкасына немесе визалық-көші-қон порталынан қағаз тасымалдағыштағы мәтіндік файлда белгі қою жолымен:
Toggle Dropdown
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;
Toggle Dropdown
ішкі істер органдары – көшіп келушілердің уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша, оның ішінде «Бүркіт» БАЖ бойынша заңды және жеке тұлғалардан олардағы көшіп келушілер туралы ақпарат алу арқылы ресімдейді;
Toggle Dropdown
жеке және заңды тұлғалар дербес сандық электрондық қол қою арқылы «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталына ақпарат енгізеді.
Toggle Dropdown
Заңды және жеке тұлғалардың «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталына олардағы көшіп келушілер туралы ақпарат енгізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР ІІМ) белгілейді.».
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С.Ахметов