Bestprofi Logo

Жарлық № 917 от 2002-08-05г./Қазақстан Республикасының Президенті

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыз N 917 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 22.01.2009. № 729 Жарлығымен. (04.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)

1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, N 17, 137-құжат);

2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3012 өкiмi;

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентінің 19996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ

Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.

1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау;

3) республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне бақылау;

4) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен коса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттік кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың тиімділігін, қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады.

3. Есеп комитетi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi, белгіленген үлгiдегi бланкілері және өзінің туы болады.

4. Есеп комитетiнiң құқықтық ережесi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен айқындалады.

5. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7) тармақшасына және 57-бабының 1) тармақшасына сәйкес қалыптасады.

6. Есеп комитетiнiң құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, Есеп комитетiнiң мүшелерi мен аппараты құрайды.

7. Есеп комитетiнiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.

1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігіне;

республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтылығы мен уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен түсімдер сомаларының қайтарылуына, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне;

мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына;

бақылау объектілерінің есеп пен есептілікті жүргізуінің растығы мен дұрыстығына;

республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысқан гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына;

республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуына;

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына;

квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігіне;

акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;

республикалық бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуына;

орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына;

бюджеттік инвестициялардың тиімділігіне бағалауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;

8) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание