Toggle Dropdown
1
Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 27.10.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi және "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң
2002 жылғы 25 шілдедегi
N 832 қаулысымен
бекiтілді
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсімдердің ережесi
Toggle Dropdown
1-бөлiм. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне (Жалпы бөлiм), "Бюджет жүйесi туралы" (бұдан әрi - бюджет жүйесi туралы заң) 1999 жылғы 1 сәуiрдегi және "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
2. Осы Ереже бюджет жүйесi туралы заңда белгiленген кезеңдерге сәйкес бюджеттiң атқарылу рәсiмдерiн анықтайды.
Toggle Dropdown
3. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi қаржылық рәсімдер - мемлекеттiк мекемелер өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын және қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес бекiтiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттерге атқаруға бағытталған iс-әрекеттер.
Toggle Dropdown
4. Бюджеттi атқару жөнiндегi қаржылық рәсімдер сол сияқты бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарының және тиiстi қаржы жылының 1-тоқсанына арналған жергілікті бюджеттi қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуына қолданылады.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бюджеттің атқарылу процесiндегi iс-әрекеттерi, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп жүргiзу және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнінде есептiлiктi жасау тәртiбi Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен анықталады.
Toggle Dropdown
2-бөлiм. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерді дайындау рәсiмдерi
Toggle Dropdown
1-тарау. Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн дайындау және бекiту рәсiмдерi
Toggle Dropdown
6. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы бекiтiлгеннен кейiн бес жұмыс күнiнiң iшiнде оның iске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсi қабылданады.
Toggle Dropdown
7. Республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiсi (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсi):
Toggle Dropdown
кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң көлемдерiн, республикалық бюджеттен берiлген несиелердiң қайтарылуын, бюджеттің шығындарын, несиелерi мен тапшылығын (профицитiн), республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды (профициттi пайдалануды);
Toggle Dropdown
функционалдық топтар, iшкi функциялар, республикалық бюджеттік бағдарламалар, бағдарламалар және кiші бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттiң шектi шығыстарының тiзбесiн;
Toggle Dropdown
республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк мекемелерге республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөніндегi тапсырмаларды қамтиды.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсiн әзiрлеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың актiсiн дайындау және бекiту рәсiмдерi
Toggle Dropdown
9. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмi қабылданғаннан кейiн жетi жұмыс күнiнiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган оның iске асырылуы туралы актiнi қабылдайды.
Toggle Dropdown
10. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның актiсi (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органның актiсi):
Toggle Dropdown
кiрiстердің, алынған ресми трансферттердің көлемдерiн, жергiлiктi бюджеттен берiлген несиелердің қайтарылуын, бюджеттiң шығындарын, несиелерi мен тапшылығын (профицитiн), жергiлiктi бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды (профициттi пайдалануды);
Toggle Dropdown
функционалдық топтар, ішкі функциялар, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар және кiші бағдарламалар әкімшілерi бойынша жергіліктi бюджеттiң шектi шығыстарының тiзбесiн;
Toggle Dropdown
жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және кiші бағдарламалар, дамытудың бюджеттiк бағдарламалары мен кiшi бағдарламаларының тiзбесін;
Toggle Dropdown
жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн;
Toggle Dropdown
мемлекеттік мекемелерге тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөнiндегi тапсырмаларды қамтиды.
Toggle Dropdown
11. Жергiлiктi бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органның актiсiне өзгерiстер ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергіліктi атқарушы органның бекітілген актiсiнің көрсеткіштерi өзгерген жағдайда енгiзіледi.
Toggle Dropdown
3-тарау. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту және нақтылау рәсiмдерi
Toggle Dropdown
12. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорты (бұдан әрi - паспорт) бюджеттiк бағдарламалардың мониторингiн қамтамасыз ету, iске асыруды бағалау және тиімділiгі бақылау, сондай-ақ бюджеттің атқарылу сатысында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында әзiрленедi және бекiтiледi.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен шартқа (келісімге) сәйкес үкіметтік сыртқы заемның қаражаты бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылса, онда оның паспортында міндетті түрде жылдар бойынша бөле отырып үкіметтік заемның жалпы құны қосымша көрсетіледі.
Toggle Dropdown
13. Паспорт күтілетiн нәтижелер көрсетiле отырып, мақсатын және мерзiмдерi, ресурстары және iс-шаралардың атқарушылары бойынша келiсiлген кешенiн анықтайды. Бұл ретте бағдарламаның мақсаты елдiң экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтары ескерiле отырып, қойылуы тиiс.
Toggle Dropdown
14. Бюджеттiк бағдарламаның объективтiк мониторингiн, оның тиiмдi iске асырылуын бағалауды және тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн паспорт бюджеттiк бағдарлама туралы толық ақпаратты қамтуы тиiс.
Toggle Dropdown
15. Паспортты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджетте көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша жыл сайын бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілері әзiрлейдi.
Toggle Dropdown
16. Паспорттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу ережесiмен анықталған нысан бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын және республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттiк өтiнімдерiн әзiрлеу сатысында әзiрленген жобалардың негiзiнде Yкімет немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Бұл ретте, бюджеттердiң жобаларын тиiстi бюджет комиссиясында Қазақстан Республикасының Үкiметiнде, жергiлiктi атқарушы органда, Қазақстан Республикасының Парламентiнде және мәслихаттарда қарау нәтижелерi ескеріледi.
Toggle Dropdown
17. Паспорттар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi және жергiлiктi атқарушы органдардың кесiмдерi қабылданғаннан кейiн, бiрақ қаржы жылының басталуынан кешiктiрмей он жұмыс күнi iшiнде бекітілуi тиiс.
Toggle Dropdown
Мәслихаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер бекiтiлгенге дейiн жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу сатысында әзiрленген паспорттардың жобалары жергілiктi бюджеттерді атқару үшiн пайдаланылады.
Toggle Dropdown
18. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
18-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде Бюджет комиссиясы қарайды.
Toggle Dropdown
Бюджет комиссиясы:
Toggle Dropdown
негізінде бағдарлама іске асырылатын нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруға байланысты бюджеттік бағдарлама паспортының өзгерістерін қарамайды.
Toggle Dropdown
Мұндай жағдайда бюджеттiк бағдарламаның паспортына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгіленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшісі әзiрлейдi.
Toggle Dropdown
3-бөлiм. Қаржыландыру жоспарларын жасау және бекiту