• Мое избранное
Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7601 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 6 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 309 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдiстемелерi мен нормативтiк мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудiң нысандары мен мерзiмiн белгiлеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылы 28 наурызда № 4148 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы                                   Г. Марченко
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _____________ Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 28 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 ақпандағы
 № 92 қаулысына
 қосымша
Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері
Осы Банк конгломератына арналған нормативтiк мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге міндетті лимиттерді есептеу әдiстемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзiмдерi (бұдан әрі - Нормативтік мәндер) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және банк конгломератына арналған нормативтiк мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге міндетті лимиттерді есептеу әдiстемелерін, сондай-ақ есептілікті берудің нысандары мен мерзiмдерiн белгілейді.
1. Банк конгломератына сақтауға мiндеттi пруденциалдық нормативтердiң құрамына мынадай пруденциалдық нормативтер кіреді:
жарғылық капиталының ең аз мөлшерi;
меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгі коэффициентi;
бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерi.
2. Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мақсатында Нормативтік мәндерінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк конгломератының қатысушылары - банк холдингiнен, банктен, сондай-ақ банк холдингiнiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) банктiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингi және (немесе) оның еншiлес ұйымдары қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;
2) тәуекелдер - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – № 358 Нұсқаулық) сәйкес есептелген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері;
3) банк конгломератының бiр қарыз алушысы - банк конгломераты қатысушысының тәуекелдері бар немесе болуы мүмкін, олар бойынша үшiншi тұлғаның пайдасына борышкер үшін өзіне міндеттеме алған банк конгломератының қатысушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе жасалған шарттарында көзделген негіздемелер бойынша жеке немесе заңды тұлға;
4) тұлғалар тобы - бір біріне әсер ететін белгіленген қатынастар күшінде заңды және жеке тұлғалар тобы;
5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
5-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 211 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мақсатында:
уәкiлеттi орган Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтiк бағаларынан өзге Moody's Investors Service и Fitch агенттiктерiнiң рейтингтiк бағаларын да мойындайды;
банк конгломератының қатысушысы тұрған елiнiң уәкiлеттi органы пруденциялық реттеу мақсатында пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеушiлiк есептiлiгiнiң стандарттарына сәйкес жасалған банк конгломераты қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есептiлiгi пайдаланылады.
3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінен кешіктірмей осы Нормативтік мәндердің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есепті қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта ұсынады.
3-тармақтың бірінші абзацы қолданысын тоқтатты 01.07.2015 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 жылғы № 383 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 211 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Бұл ретте банк конгломераты қатысушыларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынған қаржылық есептілігі қоса берілмейді.
Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есепке:
Нормативтік мәндердің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдiң дәрежесi бойынша мөлшерлеген банк конгломераты қатысушыларының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттерi бойынша мәлiметтер;
Нормативтік мәндердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына банк конгломераты қатысушыларының инвестициялары бойынша мәліметтер;
Нормативтік мәндердің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздары портфелінің құрылымы бойынша мәліметтер;
Нормативтік мәндердің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының топ ішілік мәмілелер бойынша мәліметтер;
Нормативтік мәндердің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломератының меншікті капиталының он және одан да көп пайызы болатын үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының барлық міндеттемелері бойынша мәліметтер;
оның тұрған елiндегi қызметін реттейтiн тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушыларының нормативтiк мәндерi, пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi туралы мәлiметтер;
банк конгломератының өткен жылдың төртiншi тоқсанында пруденциалдық нормативтердi орындауы туралы есеп уәкiлеттi органға есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрілмей ұсынылады.
3-1. Тармақ қолданысын тоқтатты (ескертуді қараңыз)
Нысандар мен мерзімдер 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (01.07.2015 жылға дейін қолданыста болады)
4. Банк конгломератының жарғылық капиталының мөлшерi төленген акциялар шегiнде (қатысу үлесi) алынған, сатып алынған меншiктi акцияны (алынған капиталды) шегергендегi банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің жарғылық капиталының мөлшерiн бiлдiредi.
5. Банк конгломератының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi бір жүз миллион теңгеден кем болмауы тиiс.
6. Банк конгломератының меншiктi капиталы банк конгломераты қатысушыларының меншiктi капиталының нақты мөлшерiнiң сомасын бiлдiредi.
Банк конгломератының меншiктi капиталын есептеу мақсатында банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншiктi капиталының өзге де салымдары алынып тасталады.
Банк конгломераты қатысушысының төлем қабiлеттiлiгiне (меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiгiне) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерiнен алып тасталған инвестиция сомасы осы тармақта көрсетiлген инвестицияларға енгiзiлмейдi.
7. Банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерi банк конгломераты қатысушысының төлем қабiлеттiлiгiне (меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгiне) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған шаманы бiлдiредi.
Банк конгломераты қатысушысының меншiктi капиталының нақты мөлшерiн есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Егер банк конгломератының қатысушысына қатысты осы тармақта көрсетілген меншiктi капиталының нақты мөлшерiн есептеу тәртiбi белгiленбесе, онда меншiктi капиталының нақты мөлшерi қаржылық есептілік негiзiнде қатысушысының активтерi мен мiндеттемелерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері тұрған еліндегі оның қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк конгломератының қатысушысына қатысты оның тұрған еліндегі оның қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органы меншікті капиталының нақты мөлшерін есептеу тәртібі белгіленбесе, онда меншікті капиталының нақты мөлшері осы Нормативтік мәндерінің 7-тармағына сәйкес айқындалады.
9. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктіліғі коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
К = МК/А, мұнда:
К - меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті;
МК - банк конгломератының меншікті капиталы;
А - тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.
Банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері (банк үшін - тәуекел дәрежесі бойынша) кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша № 358 Нұсқаулыққа сәйкес мөлшерленеді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысының активтерін, шартты және ықтимал міндеттемелерін мөлшерлеу кезінде банк конгломератының қатысушысы тұрған елде орналасқан тұлғаларға талаптар резидент тұлғаларға қойылатын талаптар ретінде салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттары үшін активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша арнайы резервтер (провизиялар) құрылған сомасына азайтылады.
Тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелер сомаларын есептеуге банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.
10. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценті мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,075 (қоса алғанда);
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,08 (қоса алғанда);
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,09 (қоса алғанда);
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,10 (қоса алғанда);
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,12 (қоса алғанда).
11. Банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖМ = Т/МК мұнда:
ЖМ - банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
Т - банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекел мөлшері;
МК - банк конгломератының меншікті капиталы.
12. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері № 358 Нұсқаулықтың белгіленген талаптарына ұқсас есептеледі.
Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшеріне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.
13. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадан:
1) басқа да қарыз алушылар үшін банк конгломератының меншікті капиталының 25 (жиырма бес) пайызынан (оның ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттігінің рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктік қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің міндеттемелері бойынша банк конгломератының меншікті капиталының 0,10-нан артық емес);
1-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 211 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) банк конгломераты қатысушысының лауазымды тұлғасы немесе басшы қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туысқандары;
банк конгломераты қатысушысының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушы - жеке тұлғаның жақын туысқаны немесе ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысының жақын туысқаны;
осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу арқылы) бақылайтын заңды тұлға не онда дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам пайызына ие көрсетілген тұлғалар;
банк конгломератына қатысушылар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банк конгломератының қатысушысы дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам пайызына ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туысқандары болып табылатын тұлғалар бойынша банк конгломератының меншікті капиталының 10 (он) пайызынан аспайды.
14. Әрқайсысының мөлшері банк конгломератының меншікті капиталының он пайызынан асатын бір қарыз алушыға банк конгломераты қатысушыларының тәуекелдер сомасы банк конгломератының меншікті капиталының мөлшерінен сегіз еседен астам аспауы тиіс.
15. Егер осының алдындағы есепті күнде қарыз алушыға банк конгломератының қатысушылары талаптарының жалпы көлемі Нормативтік мәндерінде белгіленген шектеулер шегінде болып, бірақ банк конгломератының меншікті капиталының деңгейі осының алдындағы есепті күннен басталған кезең ішінде бес пайызға төмендеуіне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрсетілген, теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамының өсуінен қарыз алушыға банк конгломераты талаптарының осының алдындағы есепті күннен басталған кезең ішінде он пайыз артуына байланысты соңынан көрсетілген шектеулердің, бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
Көрсетілген жағдайларда банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк жоғарыда көрсетілген шектеулерден асып кету туындағанда күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органды шектеулерден асып кету фактісі туралы хабардар етеді және келесі есепті күнге дейінгі кезең ішінде шектен асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативінен асып кету көрсетілген шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.
  • 1
Банк конгломератына арналған нормативтік
мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
нысандары мен мерзімдеріне
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 211 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
                                                                Нысан
Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есеп
  ____________________________________________________________________
      (банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес
                    ұйымы бар банктің атауы)
               (қажеттісінің астын сызу қажет)
                 20__ж._______ жағдай бойынша
1-кесте
Банк конгломератының жарғылық капиталын есептеу
 

Атауы

Сома (мың теңгемен)

Банк конгломератының жарғылық капиталы, оның ішінде:







банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің жарғылық (төленген) капиталы







банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің сатып алынған акциялары (алынған капиталы)







2-кесте
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік
коэффициентінің есебі
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті
_____________________________
 

Банк конгломераты қатысушысының атауы

Сома (мың теңгемен)

1

банк конгломератының 1 қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері







1.1

Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:







1.1.1

банк конгломератының 2 қатысушысының







1.1.n

банк конгломератының n қатысушысының







1.2

Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)







n

Банк конгломераты n қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері







n.1

Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:







n.1.1

банк конгломератының n қатысушысының







n.1.n

банк конгломератының n қатысушысының







n.2

Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)







Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері







Банк конгломераты қатысушыларының тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомалары







Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті







Ескерту:
«Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)» деген жол «Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары» деген жол шегерілгенде «Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері» деген жолға тең;
«Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары» деген жол 1.1.1, …, 1.1.n жолдардың қосындысына тең;
«Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері» деген жол 1.2, …, n.2 жолдардың қосындысын білдіреді.
3-кесте
Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін есептеу
 

Коэффициенттің атауы

Тәуекелдің мөлшері (мың теңгемен)

Тәуекелдің банк конгломераты меншікті капиталының мөлшеріне қатынасы

Борышкер және банк конгломераты тәуекелінің түрі туралы мәліметтер

Борышкердің атауы

Тәуекелдің түрі (қарыз, кепілдік)

Сомасы (мың теңгемен)

Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға қатысты банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері































Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері































Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктiк қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкiн болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері.































Әрқайсысының мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он пайызынан асатын банк конгломераты тәуекелдерінің сомасы































Басшы
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы)       Тегі, аты, әкесінің
                                                  аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы)      Тегі, аты, әкесінің
                                                  аты (бар болса)
Мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі)           Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Банк конгломератына арналған нормативтік
 мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
 мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
 әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
 нысандары мен мерзімдеріне
 2-қосымша
Нысан
1-кесте
 ___________________________________________
 (банк конгломератының атауы)
 салымдарының кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша
 банк конгломераты қатысушыларының мөлшерленген активтерінің,
 шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі
                                               мың теңгемен
 
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелері баптарының атауы Тәуекел дәрежесі пайызбен Баланс бойынша активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы Элиминирлеу Жиынтығы Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасы
Дебет Кредит

Активтер:






I-топ:





1
0




2






...







II-топ





1
20




2






...







III-топ





1
50




2






...
75




...







IV-топ





1
100




2






...







V-топ





1
100




2






...






...
150




...







Жиынтығы: X





Кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасы X





Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерінің жиынтық сомасы X




«Баланс бойынша активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы (мың теңгемен)» атты баған олардың қысқаша атауы көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына тиісті шағын бағандарға бөлінеді.
Шартты және ықтимал міндеттемелер № 358 Нұсқаулыққа сәйкес салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
2-кесте
________________________________________
       (банк конгломератының атауы)
нарықтық тәуекелді және операциялық тәуекелді ескере отырып,
 мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен
 міндеттемелердің кестесі
 
Тәуекелдің атауы Банк конгломераты қатысушыларының атауы Сомасы (мың теңгемен)
Нарықтық тәуекел

Операциялық тәуекел

Басшы             _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер     _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Мөр орны
Орындаушы _____________ ___________________________________________
  (қолы, телефон     Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
     нөмірі)
«Банк конгломераты қатысушыларының атауы» атты баған олардың қысқаша атауы көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына тиісті шағын бағандарға бөлінеді, олар нарықтық және операциялық тәуекелдерді есептейді, сондай-ақ олардың қысқаша атаулары көрсетіледі.
Банк конгломератына арналған нормативтік
 мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
 мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
 әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
 нысандары мен мерзімдеріне
 3-қосымша
 __________________________________________________
 (банк конгломератының атауы)
 есепті кезең ішінде жүзеге асырылған,
 сондай-ақ 20__ жылғы «____» ______ жағдай бойынша қолданыста
 болатын банк конгломераты қатысушыларының басқа заңды
 тұлғалардың капиталына инвестициялары
 
Заңды тұлғаның атауы Сатып алынған акциялардың қатысу сомасы (құны) (мың теңгемен) Акциялар саны (дана) Эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санындағы банк конгломераты қатысушысына тиесілі акциялар санының арақатынасы немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) Күні Есепті күнде банк конгломераты қатысушысының рейтингі
Номиналды (Сатып алынған) Баланстық (нетто)
жай артықшылықты
сатып алу өткізу
Барлығы оның ішінде провизиялар
1 банк конгломераты қатысушысының атауы
1.









n.









n банк конгломераты қатысушысының атауы
n+1









Барлығы





х х х
Басшы             _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер     _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Мөр орны
Орындаушы _____________ ___________________________________________
  (қолы, телефон     Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
     нөмірі)
Банк конгломератына арналған нормативтік
 мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
 мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
 әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
 нысандары мен мерзімдеріне
 4-қосымша
Нысан
 __________________________________________________
 (банк конгломератының атауы)
 20__ жылғы «____» ______ жағдай бойынша
 банк конгломераты қатысушыларының
 бағалы қағаздар портфелінің құрылымы
 
Банк конгломераты қатысушысының атауы Бағалы қағаздар эмитент Бағалы қағаздардың саны (дана)


Баланстық құн (нетто) Күні Есепті күндегі рейтинг
түрі Ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі Атауы елі Барлығы оның ішінде бағалы қағаздардың басқа да қайта бағалауынан болған провизиялар (теріс түзетудің мөлшері)
Эмитенттің Бағалы қағаздың
Сатып алу өтеу(өткізу)
1.











2.











n.











Бағалы қағаздар портфелінің жиынтығы х х х х х



х х х
Басшы             _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер     _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Мөр орны
Орындаушы _____________ ___________________________________________
  (қолы, телефон     Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
     нөмірі)
банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздар портфелінің құрылымы жөніндегі мәліметінде Нормативтік мәндерінің 3-қосымшада көрсетілгендерді қоспағанда, барлық инвестициялар көрсетіледі
Банк конгломератына арналған нормативтік
 мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
 мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
 әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
 нысандары мен мерзімдеріне
 5-қосымша
Нысан
 _________________________________________________
 (банк конгломератының атауы)
 есепті кезең ішінде жасалған,
 сондай-ақ 20__ жылғы «____» ______ жағдай бойынша
 қолданыстағы банк конгломератының топ ішілік мәмілелері
 
р/с № Банк конгломераты қатысушысының атауы Операция жөніндегі қарсы агенттің атауы Операция түрі Сомасы (мың теңгемен) Шарт жасалған күн(талаптарды орындаудың басталған күні) Шарттың қолданылуы аяқталған күн (талаптарды орындаудың аяқталған күні)
Банк конгломераты қатысушыларына қойылатын талаптар (қаражаттың әкетілуі)
1 1 қатысушы




2 2 қатысушы




n n қатысушы




Талаптардың (қаражаттың әкетілуі) барлығы




Банк конгломераты қатысушыларының міндеттемелері (қаражаттың келуі)
1 1 қатысушы




2 2 қатысушы




n n қатысушы




Міндеттемелердің (қаражаттың келуі) барлығы




Басшы             _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер     _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Мөр орны
Орындаушы _____________ ___________________________________________
  (қолы, телефон     Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
     нөмірі)
банк конгломератының топ ішілік мәмілелері жөніндегі мәліметінде Нормативтік мәндерінің 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген мәмілелерді қоспағанда, барлық мәмілелер көрсетіледі.
Банк конгломератына арналған нормативтік
 мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
 мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
 әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
 нысандары мен мерзімдеріне
 6-қосымша
Нысан
__________________________________________________
 (банк конгломератының атауы)
 банк конгломераты қатысушыларының есепті күндегі жағдай бойынша
 қолданыста болатын банк конгломераты меншікті капиталының он
 және одан да көп пайызын құрайтын үшінші тұлғалар алдындағы
 барлық міндеттемелері туралы мәліметтер
6-қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 жылғы № 383 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
 
Қарсы агенттің атауы Операция түрі Валюта түрі Сомасы (мың теңгемен) Шарт жасалған күн (талаптарды орындаудың басталған күні) Шарттың қолданылуы аяқталған күн (талаптарды орындаудың аяқталған күні)
(1 банк конгломераты қатысушысының атауы)
1





2











n





1 қатысушы міндеттемесінің жиынтығы



(... банк конгломераты қатысушысының атауы)
1





2











n





... қатысушы міндеттемесінің жиынтығы



(n банк конгломераты қатысушысының атауы)
1





2











n





n қатысушы міндеттемесінің жиынтығы



Басшы             _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер     _________ _______________________________________
 (есепке қол қоюға   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
уәкілетті тұлға)
Мөр орны
Орындаушы _____________ ___________________________________________
  (қолы, телефон     Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
     нөмірі)