• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 271 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7976 тіркелді

Редакция 27.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6992 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 26 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 тіркелген) 1-қосымшасы 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _______ Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 13 қыркүйек
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін құндық көрсеткіш бойынша топтау және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында ағымдағы көрсету үшін арналған.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды 22.09.2013 жылдан бастап ҚР Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 жылғы № 130 Қаулысына сәйкес
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазанда № 143 (1959) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерінің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйым) меншікті ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.».
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 22.09.2013 жылдан бастап ҚР Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 жылғы № 130 Қаулысына сәйкес
Мөрдің орны Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 22.09.2013 жылдан бастап ҚР Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 жылғы № 130 Қаулысына сәйкес
Мөрдің орны Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды 22.09.2013 жылдан бастап ҚР Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 жылғы № 130 Қаулысына сәйкес