Toggle Dropdown
23
Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8318 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 18.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабының 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 13-1-бабының 2-тармағының 8) тармақшасын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1 және 6-1-тармақтарын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 12-тармағын, 40-бабының 9-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғалар үшін халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі белгіленсін:
Toggle Dropdown
банк холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар не олардың бас ұйымдары;
Toggle Dropdown
сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғаларды не олардың бас ұйымдарын;
Toggle Dropdown
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар үшін;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (еншілес банктері бар) банктер;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктері;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.
Toggle Dropdown
Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингтік агенттігінің «В-»-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтинг белгіленсін:
Toggle Dropdown
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне иеленген);
Toggle Dropdown
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдары бар.
Toggle Dropdown
Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтинг белгіленсін:
Toggle Dropdown
шет мемлекеттің шетел валютасында - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі рейтингі «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес.
Toggle Dropdown
Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының мақсаттары үшін халықаралық шкала бойынша мынадай ең төменгі жеке кредиттік рейтингі белгіленсін:
Toggle Dropdown
ұйымның шетел валютасында – Standard & Poors рейтингтік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі рейтингі «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес.
Toggle Dropdown
1-1. Банктер туралы заңның 30-бабы 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларының мақсатында «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтингі белгіленсін.
Toggle Dropdown
1-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға:
Toggle Dropdown
1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның халықаралық шкала бойынша Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-» рейтингінен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;
Toggle Dropdown
Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-» рейтингінен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттің резиденті болып табылатын;
Toggle Dropdown
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаларына қолданылмайды.
Toggle Dropdown
Рейтингтік агенттіктің осы тармақшада көрсетілген заңды тұлғаға рейтингтік агенттіктің бастамасы бойынша рейтингтік қызметтер көрсетуді тоқтатуымен байланысты кредиттік рейтингті кері қайтарып алған жағдайда, осы кері қайтарып алу алдында берілген кредиттік рейтингтің деңгейін қатарынан 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға жол беріледі;
Toggle Dropdown
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін:
Toggle Dropdown
банк холдингінде ұлттық шкала бойынша Japan Credit Rating Agency (Джапан Кредит Рейтинг Эйдженси) (бұдан әрі - JCR) рейтингтік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингтік агенттіктің «ААА»-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;
Toggle Dropdown
Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-»-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттің резиденті болып табылатын;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингтеріне;
Toggle Dropdown
3) көрсетілген банктің банк холдингі мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резидент - қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің банк холдингі мәртебесін иеленетін (бар) және төмендегі барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаларына қолданылмайды:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «А»-дан төмен емес шетел валютасында ең төмен тәуелсіз рейтингі немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар шет мемлекеттің резиденті болып табылады;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне (бұдан әрі – Нормативтер) 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржасында еркін айналымда жүрген;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының меншікті капиталының мөлшері 200 000 000 (екі жүз миллион) Америка Құрама Штаттарының долларына баламалы сомадан асады;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының таза табысының меншікті капиталына қатынасы ретінде есептелетін меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті кемінде 3 (үш) пайызды құрайды;
Toggle Dropdown
өтелгенге дейін қалған мерзімі қоса алғанда 3 (үш) ай болатын өтімділігі жоғары активтердің өтелгенге дейін қалған мерзімі қоса алғанда 3 (үш) айға дейін мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының мерзімді өтімділік коэффициенті кемінде 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) құрайды;
Toggle Dropdown
меншікті капиталдың активтер сомасына қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 8 (сегіз) пайызды құрайды;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының аудитін мына халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді:
Toggle Dropdown
Deloitte (Делойт);
Toggle Dropdown
Ernst & Young (Эрнст энд Янг);
Toggle Dropdown
KPMG (КиПиЭмДжи);
Toggle Dropdown
PricewaterhouseCoopers (ПрайсуотерхаусКуперс).
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 3) тармақшасы жетінші абзацының мақсаттары үшін өтімділігі жоғары активтер деп Нормативтердің 65-тармағында аталған активтер түсініледі.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген мәндер Қазақстан Республикасы бейрезидент - заңды тұлғасының аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінің негізінде соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша есептеледі.
Toggle Dropdown
2-1. Банктер туралы заңның 52-12-бабының 3-тармағының мақсаты үшін рейтингті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі береді.
Toggle Dropdown
4
3. Рейтингілік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін:
Toggle Dropdown
Standard & Poors;
Toggle Dropdown
Moody's Investors Service;
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктер рейтингілері сәйкестігінің салыстырмалы кестесі осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Рейтингілердің салыстырмалы кестесі
Toggle Dropdown
|
№
|
Standard & Poors
|
Moody's Investors Service
|
Fitch
|
|
1.
|
ААА
|
Ааа
|
ААА
|
|
2.
|
АА+
|
Aa1
|
АА+
|
|
3.
|
АА
|
Аа2
|
АА
|
|
4.
|
АА-
|
Аа3
|
АА-
|
|
5.
|
А+
|
A1
|
А+
|
|
6.
|
А
|
А2
|
А
|
|
7.
|
А-
|
A3
|
А-
|
|
8.
|
ВВВ+
|
Baa1
|
ВВВ+
|
|
9.
|
ВВВ
|
Ваа2
|
ВВВ
|
|
10.
|
ВВВ-
|
Ваа3
|
ВВВ-
|
|
11.
|
ВВ+
|
Ba1
|
ВВ+
|
|
12.
|
ВВ
|
Ва2
|
BB
|
|
13.
|
ВВ-
|
Ва3
|
ВВ-
|
|
14 .
|
В+
|
В1
|
В+
|
|
15.
|
В
|
В2
|
В
|
|
16.
|
В-
|
В3
|
В-
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген);
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4068 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 28-29 (835) жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы;
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда № 3236 тіркелген);
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 тіркелген, 2006 жылғы 24 қазанда «Заң газеті» газетінде № 187 (993) жарияланған);
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 186 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4818 тіркелген);
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5066 тіркелген);
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 тіркелген);
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6004 тіркелген);
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 тіркелген).