Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7542 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 27.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
Төрағасы Г. Марченко
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 54 қаулысымен
бекітілді
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 62-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі
Toggle Dropdown
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарда көзделген.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Өтініш беруші өз еркiмен қайта ұйымдастырылу талаптарын, нысанын, тәртібін және мерзімдерін қайта ұйымдастырылу жөніндегі iс-шаралар жоспарында (бұдан әрі – iс-шаралар жоспары) көрсетеді.
Toggle Dropdown
4. Іс-шаралар жоспарында өз еркiмен қайта ұйымдастырылатын өтініш берушінің сақтанушылар және өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшерлері мен рәсімі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5. Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты өтініш беруші уәкілетті органға жоспарда көрсетілген iс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады.
Toggle Dropdown
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыруға рұқсат өтініш беруші орындалуы іс-шаралар жоспарында белгіленетін мынадай талаптарды сақтаған кезде беріледі:
Toggle Dropdown
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлғаға өз еркімен қайта ұйымдастырылған жағдайда – қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының болмауы. Іс-шаралар жоспарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары органының өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі аудиторлық ұйым куәландырған және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінің жоқ екенін растайтын қаржылық есептілігі қоса беріледі;
Toggle Dropdown
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлғаға өз еркімен қайта ұйымдастырылған жағдайда:
Toggle Dropdown
қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларда ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге берілген жазбаша келісімнің болуы;
Toggle Dropdown
қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің болжамды мәндерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
Toggle Dropdown
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда, болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын орындау туралы монополияға қарсы органның қорытындысын ұсыну.
Toggle Dropdown
6-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы өзі бұрын қабылдаған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға ұсынады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз уәкілетті органның өтініш берушіден Қағидаларға 2-қосымшда көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.
Toggle Dropdown
8. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қағидалардың 3, 4-тармақтарының және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру холдингін өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушіге «жеке кабинетке» уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Toggle Dropdown
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.
Toggle Dropdown
3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Toggle Dropdown
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Toggle Dropdown
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Toggle Dropdown
10. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда:
Toggle Dropdown
1) тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);
Toggle Dropdown
2) атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
(сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта
ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген
рұқсатты беруден бас тарту қағидаларына
№ 1 қосымша
Toggle Dropdown
күні ________ № ___________
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу,
бақылау және қадағалау жөніндегі
уәкілетті органның төрағасына
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына берілетін рұқсатты алуға өтінішхат
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өткізілетін орны)
Toggle Dropdown
_____ жылғы «____» _______________ № __________ шешіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
(сақтандыру холдингінің)
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________ арқылы
Toggle Dropdown
(біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (қажеттісінің астын сызу керек)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________________ етіп
Toggle Dropdown
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған
(заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы)
Toggle Dropdown
өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беруді сұрайды.
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың
дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға
уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
Toggle Dropdown
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және беттер
санын көрсету керек):
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметті пайдалануға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан уәкілеттік берілген тұлға
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы (қолы)
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
(сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта
ұйымдастырылуына рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Жоқ
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган - Кодекс пен Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметті алушылан талап етілетін құжаттар тізбесі және мәліметтер
|
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) болжанып отырған ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;
2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптарының, сақталуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптардың бұзылуы;
3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
6) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
7) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 54 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1475 тіркелген).
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1475 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 525 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2145 тіркелген).
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген) 1-тармағының 4) тармақшасы.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6766 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған, № 7) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.