Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6551 болып енгізілді
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) Ереженің мына қосымшалары бойынша «Сақтандыру қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін:
2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (1-бөлік)» кестесі бойынша, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38;
2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 11, 12, 13, 26-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (2-бөлік)» кестесі бойынша.
6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 128 қаулысына 1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесі
1. Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң) 74-бабының 2-тармағының 2-1) тармақшасына, «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) және сақтандыру брокерлері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынатын есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін белгілейді.
2-тарау. Есептілікті ұсыну
2. Есептілікті Қазақстан Республикасының аумағында «жалпы сақтандыру» саласы бойынша және «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиясы бар барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және барлық өзінің филиалдары және/немесе өкілеттіктері бойынша деректерді қоса отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиясы бар сақтандыру брокерлері уәкілетті органға ұсынады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары есептілікті мынадай кезеңділікпен және мынадай нысандар бойынша:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдығы туралы есепті;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылған салымдар туралы есепті;
осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есепті;
осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есепті;
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі қаражат туралы есепті;
осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептi;
осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептi;
осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері туралы мәліметтерді;
осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес сақтандырудың (қайта сақтандырудың) ірі шарттары бойынша есепті;
осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес ірі сақтандыру төлемдері бойынша есепті;
осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес мәлімделген ірі талаптар бойынша есепті;
осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есепті;
осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есепті;
осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес міндеттемелердің көлемі бойынша есепті;
осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті еместермен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті;»;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей:
осы Ереженің 19-қосымшасына сәйкес ұлттық және шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін;
осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес өзге дебиторлық берешек туралы есепті;
осы Ереженің 21-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;
осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес алынған заемдар туралы есепті;
осы Ереженің 23-қосымшасына сәйкес өзге кредиторлық берешек туралы есепті;
осы Ереженің 24-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;
осы Ереженің 25-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;
осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;