Toggle Dropdown
1
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3329
Toggle Dropdown
Редакция 01.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
Toggle Dropdown
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 330 қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесі
Toggle Dropdown
Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Ұйым) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
1
1. Ұйымның есебіне мыналар жатады:
Toggle Dropdown
1) зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде, сондай-ақ осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - есептi кезеңнiң әрбір жеке күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң құны туралы есеп;
Toggle Dropdown
2) зейнетақы активтерi инвестициялық басқарудағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде, сондай-ақ осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы туралы есеп;
Toggle Dropdown
3) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
Toggle Dropdown
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес есепті кезеңнің соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша өз активтерi есебiнен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциялары туралы есеп;
Toggle Dropdown
5) осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар туралы есеп;
Toggle Dropdown
6) осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп;
Toggle Dropdown
7) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң әрбiр күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша меншiктi ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының қалдықтары туралы есеп;
Toggle Dropdown
8) осы Ереженiң 8-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша меншікті активтерінің есебінен шартты талаптары (міндеттемелері) туралы есеп;
Toggle Dropdown
9) осы Ереженiң 9-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша меншікті активтерінің есебінен сатып алынған тазартылған қымбат металдар туралы есеп;
Toggle Dropdown
10) осы Ереженiң 10-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың зейнетақы активтерi инвестициялық басқарудағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде "Инвестициялау лимиттерi" пруденциалдық нормативтерiн сақтауы туралы есеп.
Toggle Dropdown
Осы Ереженiң 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес есептердi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынбайды.
Toggle Dropdown
Осы Ереженің 1-тармағының 1)-2) тармақшаларына сәйкес есептер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ұсынылады.
Toggle Dropdown
2. Ұйым есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының 18.00 уақытынан кешіктірмей ай сайын есептілікті электронды тасымалдағышта береді.
Toggle Dropdown
Ұйым есептік аптадан кейінгі аптаның үшінші жұмыс күні Астана қаласының 12.00 уақытынан кешіктірмей, аптаның екінші жұмыс күніндегі жағдай бойынша, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес апта сайын есептілікті электронды тасымалдағышта береді.
Toggle Dropdown
2-1. Қағаз тасымалдағышта жасалатын есеп беруге бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер қол қояды, ол мөрмен расталады және Ұйымда сақталады. Ұйым уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы есеп беруді ұсынады.
Toggle Dropdown
2-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.
Toggle Dropdown
Әр апталық есептілік Ақпаратты транспорттаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
2-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Ұйымның бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтер қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
2-4. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Toggle Dropdown
Ұйым ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында брокер мен дилерге хабарлайды. Ұйым уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның лерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
Toggle Dropdown
3. Ұйым кастодиан банкпен және жинақтаушы зейнетақы қорымен (егер жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес - кастодиан банкпен жүзеге асырған жағдайда) салыстырып тексергеннен кейін апта сайын ағымдағы аптаның бейсенбі күні өткен аптаның сейсенбісінен бастап ағымдағы аптаның дүйсенбісін қоса алғандағы кезең үшін қағаз жазбамен есеп жасайды.
Toggle Dropdown
4. Есептегі деректер ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5-9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
11. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Toggle Dropdown
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың
есеп беру ережесінің
1-қосымшасы
Toggle Dropdown
(жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы) және (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның қысқартылған атауы) немесе (зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын
жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы)
Зейнетақы активтерiнiң құны туралы есеп
___________ бастап _________ аралығындағы кезең iшiндегi
Toggle Dropdown
мың теңге
Toggle Dropdown
№ р/с | Көрсеткіш | күні, айы, жылы | … | … | күні, айы, жылы |
| 1. | 2. | 3. | … | … | … |
| 1. | Инвестициялық шоттардағы күн басталғандағы қалдық, оның iшiнде: | | | | |
| 1.1 | теңгемен | | | | |
| 1.2 | шетел валютасында | | | | |
| 2. | Инвестициялық шоттарға күн аяғында түскен ақша, оның iшiнде: | | | | |
| 2.1 | теңгемен | | | | |
| 2.2 | шетел валютасында | | | | |
| 3. | Инвестициялық шоттардан күн аяқталғанда шығарылған ақша, оның iшiнде: | | | | |
| 3.1 | теңгемен | | | | |
| 3.2 | шетел валютасында | | | | |
| 4. | Инвестициялық шоттарда күн аяқталғандағы қалдық ((1)+(2)-(3)), оның iшiнде: | | | | |
| 4.1 | теңгемен | | | | |
| 4.2 | шетел валютасында | | | | |
| 4-1 | Инвестициялық портфельдің бір түрінен екіншісіне аударым сомасы | | | | |
| 4-1.1 | теңгемен | | | | |
| 4-1.2 | шетел валютасында | | | | |
| 5. | Басқа да активтердiң күн аяқталғандағы құны, оның iшiнде: | | | | |
| 5.1 | теңгемен | | | | |
| 5.2 | шетел валютасында | | | | |
| 6. | Қаржылық инвестициялардың күн басталғандағы барлық құны | | | | |
| 6.1 | Тазартылған алтын | | | | |
| 6.2 | туынды қаржы құралдар | | | | |
| 7. | Күн аяқталғанда түскен қаржы құралдары | | | | |
| 7.1 | Күн аяқталғанда шығарылған қаржы құралдары | | | | |
| 7.2 | Күн аяқталғандағы қаржылық инвестициялардың барлық құны ((7)+(8)-(9)+(11)-(11.3.1.)), оның iшiнде | | | | |
| 8. | туынды қаржы құралдар | | | | |
| 9. | Күн аяқталғандағы есептелген инвестициялық кiрiс (шығыс), оның iшiнде | | | | |
| 10. | Қаржы құралдары бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 10.1 | Сатуға арналған, қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруiнен кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 10.2 | Саудаға арналған бағалы қағаздар құнының өзгеруiнен кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11. | Тазартылған қымбат металдардың өзгеруiнен кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11.1 | Шетел валютасын қайта бағалаудан кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11.2 | Инвестициялық шоттағы ақшаны және басқа активтердi қайта бағалаудан кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11.2-1 | Қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11.2-2 | Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығыстарды жабу үшiн резервтердi (провизияларды) қалпына келтiрумен (қалыптастырумен) байланысты кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11.3 | Басқа да кiрiстер (шығыстар) | | | | |
| 11.3.1 | Күн аяқталғандағы зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құнының жиынтығы ((4)+(6)+(10)) | | | | |
| 11.3.2 | Күн аяқталғандағы зейнетақы активтерi ағымдағы құнының өсуi/азаюы | | | | |
| 11.3.2-1 | Күн аяқталғандағы зейнетақы активтерiнен комиссиялық сыйақы, оның iшiнде | | | | |
| 11.4 | Есептелген | | | | |
| 12. | төленген | | | | |
| 13. | Зейнетақы активтерiнен комиссиялық сыйақы бойынша берешек қалдығы | | | | |
| 14. | Инвестициялық кiрiстен күн аяқталғандағы комиссиялық сыйақы, оның iшiнде | | | | |
| 14.1 | есептелген | | | | |
| 14.2 | төленген | | | | |
| 15. | Инвестициялық кiрiстен комиссиялық сыйақы бойынша берешек қалдығы | | | | |
| 16. | Жинақтаушы зейнетақы қоры есептеген зейнетақы активтерiне жатқызылған зейнетақы мiндеттемелерi, күн аяқталғанда, оның iшiнде: | | | | |
| 16.1 | қате (жаңылыс есептелген) сомалар | | | | |
| 16.2 | төлемдер | | | | |
| 17. | басқалар | | | | |
| 18. | Жинақтаушы зейнетақы қоры орындаған, зейнетақы активтерiне жатқызылатын зейнетақы мiндеттемелерi, күн аяқталғанда: | | | | |
| 18.1 | инвестициялық шоттан қате (жаңылыс есептелген) сомалар | | | | |
| 18.2 | төлемдер | | | | |
| 18.3 | инвестициялық портфельдің бір түрінен екіншісіне аударым сомасы | | | | |
| 18.4 | басқалар | | | | |
| 19. | Жинақтаушы зейнетақы қоры орындаған, зейнетақы активтеріне жатқызылатын зейнетақы міндеттемелері, күн аяқталғанда: | | | | |
| 19.1 | инвестициялық шоттан қате (жаңылыс есептелген) сомалар | | | | |
| 19.2 | төлемдер | | | | |
| 19.3 | инвестициялық портфельдің бір түрінен екіншісіне аударым сомасы | | | | |
| 19.4 | басқалар | | | | |
| 20. | Жинақтаушы зейнетақы қорының күн аяқталғандағы зейнетақы міндеттемелерінің қалдығы | | | | |
| 21. | Зейнетақы активтері бойынша күн аяқталғандағы міндеттемелер жиынтығы ((15)+(17)+(20)): | | | | |
| 22. | Күн аяқталғандағы "таза" зейнетақы активтері құнының жиынтығы ((12)-(21)) | | | | |
| 23. | Күн аяқталғандағы "таза" зейнетақы активтері құнының өсуі (азаюы) | | | | |
| 24. | Валюта айырбастаудың рыноктық бағамы | | | | |
Toggle Dropdown
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер _________________________________________________