• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 184 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5779 болып енгізілді

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3329 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы, N 20, 186-бетте жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 119 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4258 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 63 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4658 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесінде: 
1-тармақта: 
7) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын: 
"8) зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әр жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде – осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес есептік кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығындарды жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалыптастыру туралы есеп; 
9) зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әр жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде – осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес есептік кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің экономикалық қызмет түрлері бойынша шоғырлануы туралы есеп."; 
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Ұйым есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының 18.00 уақытынан кешіктірмей ай сайын есептілікті электронды тасымалдағышта береді. 
Ұйым есептік аптадан кейінгі аптаның үшінші жұмыс күні Астана қаласының 12.00 уақытынан кешіктірмей, аптаның екінші жұмыс күніндегі жағдай бойынша, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес апта сайын есептілікті электронды тасымалдағышта береді."; 
2-1-тармақтағы "Ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын; 
2-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
"Әр апталық есептілік  Ақпаратты транспорттаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі бойынша беріледі."; 
1-қосымшада: 
реттік нөмірі 11.3.2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11.3.2-1-жолмен толықтырылсын: 
"
 
11.3.2-1 Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығыстарды жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалпына келтірумен (қалыптастырумен) байланысты кірістер (шығыстар) 12



                                                          "; 
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: 
"12. Резерв айына бір рет оны қалыптастыру күніндегі күннің соңында көрсетіледі."; 
2-қосымшада: 
"1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар" деген кестедегі " Жиынтық ағымдағы құн (теңгемен)5 " деген бағанадағы "Жиынтық" деген сөз "Құнсыздануды ескеріп, жиынтық " деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының 1 және 2-қосымшасына сәйкес редакциядағы 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбідрахманов): 
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін. 
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін. 
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                                          Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 184 қаулысына 1-қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
 басқару жөніндегі қызметті жүзеге
 асыратын заңды тұлғалардың есеп беру
 ережесіне 8-қосымша
20__ жылғы "___" _______ жағдай бойынша 
 Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығыстарды 
 жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалыптастыру туралы есеп 
 _______________________________________________________________ 
 (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның 
 қысқартылған атауы (ілік септікте), жинақтаушы зейнетақы қорының 
 қысқартылған атауы (ілік септікте) немесе зейнетақы активтерін 
 инвестициялық басқаруды дербес _______________________________________________________________ 
 жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы 
 (ілік септікте))
(теңге)
 
N
р/с
Бағалы қағаздың түрі және оның эмитентінің атауы Ұлттық сәйкестендіру нөмірі Жиынтық ағымдағы құны (күннің соңындағы) Резервтердің (провизиялардың) қажетті мөлшері (пайызбен) Резервтердің (провизиялардың) қажетті мөлшері [(4)*(5)] Нақты құрылған резервтер (провизиялар) Құнсыздануды ескеріп, ағымдағы құны [(4)-(7)]
1 2 3 4 5 6 7 8
1. "Стандартты" бағалы қағаздардың жіктеу санаты x
0%


1.1.






1.n.






2. "Күмәнді 1-санатты" бағалы қағаздардың жіктеу санаты x
10%


2.1.






2.n.






3. "Күмәнді 2-санатты" бағалы қағаздардың жіктеу санаты x
15%


3.1.






3.n.






4. "Күмәнді 3-санатты" бағалы қағаздардың жіктеу санаты x
25%


4.1.






4.n.






5. "Қанағаттанарлықсыз" бағалы қағаздардың жіктеу санаты x
50%


5.1.






5.n.






6. Барлығы x
x


Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға _____ күні ____
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға _____ күні ____
Орындаушы ________________ күні _______________
Телефон:  _____________________________________
Мөр орны".
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 184 қаулысына 2-қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
 жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды
 тұлғалардың есеп беру ережесіне 9-қосымша
20__ жылғы " ___" _______ жағдай бойынша 
 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің экономикалық қызмет түрлері 
 бойынша шоғырлануы туралы есеп 
 _______________________________________________________________ 
 (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның 
 қысқартылған атауы (ілік септікте), жинақтаушы зейнетақы қорының 
 қысқартылған атауы (ілік септікте) _______________________________________________________________ 
 немесе (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге 
 асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы 
 (ілік септікте)
 
N Экономикалық қызмет түрлері бойынша жіктеу Қазақстан Республикасын резиденттерінің зейнетақы активтері (есептелген сыйақы ескеріле отырып) есебінен сатып алуға рұқсат етілген, оның ішінде "Кері Репо" операциялары бойынша (есептелген сыйақы ескерілген) қаржы құралдарының баланстық (ағымдағы) құны, мың теңге Зейнетақы активтерінің үлесі, %
1 2 3 4
1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы

2. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

3. Өңдеу өнеркәсібі

4. Электрмен қамтамасыз ету, газ, парды беру және ауаны кондиционерлеуі

5. Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлістіруді бақылау

6. Құрылыс

7. Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу

8. Көлік және қоймаға жинау

9. Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

10. Ақпарат және байланыс

11. Қаржылық және сақтандыру қызметі

11.1. Екінші деңгейдегі банктер

11.2. Басқа қаржылық ұйымдар

12. Жылжымайтын мүлікпен операциялар

13. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

14. Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет

15. Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

16. Білім беру

17. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетулер

18. Өнер, ойын-сауық пен демалыс

19. Басқа қызмет түрлерін көрсету

20. Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

21 Барлығы зейнетақы активтері


Жиынтығы
X
Бірінші басшы немесе 
 есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ____________________ күні ________
Бас бухгалтер немесе 
 есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ____________________ күні ________
Орындаушы _________________________ күні ____________
Телефон:  _________________________
Мөр орны".