Toggle Dropdown
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 334 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3327
Редакция 26.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 334 қаулысымен
бекітілген
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі
Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясына ие (ипотекалық ұйымдарды, қызметтің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептілікті беру тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
1. Ереженің 1-қосымшасына сәйкес берілген заемдары (бұдан әрі - заемдар) туралы есеп;
2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес салымдар және ағымдағы, корреспонденттік шоттар туралы есеп;;
3) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есеп;
4) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО» және «РЕПО» операциясы» операцияларының құрылымы туралы есеп;
5) Ереженің 5-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп;
6) Ереженің 6-қосымшасына сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар құрылымы туралы есеп;
7) Ереженің 7-қосымшасына сәйкес тартылған ақшаның негізгі көзі туралы есеп;
8) Ереженің 8-қосымшасына сәйкес ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп;
9) Ереженің 9-қосымшасына сәйкес заемдар бойынша мерзімі өткен борыш туралы есеп;
10) Ереженің 10-қосымшасына сәйкес ипотекалық ұйыммен ерекше қатынасы бар тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есеп;
11) Ереженің 11-қосымшасына сәйкес ипотекалық ұйыммен ерекше қатынасы бар тұлғалар тізілімі.
2. Банктік емес ұйымдар (сауда-саттық ұйымдастырушыларын, Ұлттық почта операторын және уәкілетті органның банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар банктік емес ұйымдарды қоспағанда) уәкілетті органға есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей тоқсан сайын береді.
Ұлттық почта операторы уәкілетті органға есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей тоқсан сайын береді.
Уәкілетті органның банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар банктік емес ұйымдар уәкілетті органға есептілікті есептік айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей ай сайын береді.»;
2-1. Уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 2-тармағының 1), (немесе) 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар банктік емес ұйымдар Ереженің 1-тармағының 2), 10) және 11) тармақшаларында көзделген есептілікті береді.
2.2. Агроөнеркәсіптік кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары Ереженің 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген есептілікті береді.
2.3. Ереженің 2-1, және 2-2-тармақтарында көзделген ұйымдарды қоспағанда, банктік емес ұйымдар және Ұлттық почта операторы Ереженің 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 10) және 11) тармақшаларында көзделген есептілікті береді.
2-4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Банктік емес ұйымдар есепті уәкілетті органға электрондық және қағаз тасымалдағышта береді.
4. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
5. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта банктік емес ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып мөрмен куәландырылады және банктік емес ұйымда сақталады.
Банктік емес ұйымы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
5-1. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін банктік емес ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
5-2. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, банктік емес ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Банктік емес ұйым ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында банктік емес ұйымға хабарлайды. Банктік емес ұйым уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның лерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
6. Есептегі деректер ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.
7. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
жекелеген түрлерін жүзеге