Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 64 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4665 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептілігін ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3346 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі "Юридическая газета" газетінде жарияланған, N 175-176), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 17 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4074 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінде:
Toggle Dropdown
2-тармақтағы:
Toggle Dropdown
10) тармақшада "." деген тыныс белгісін ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"11) есепті кезеңдегі әрбір күнтізбелік күн соңындағы жағдай бойынша ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның қалдығы туралы есеп (осы Ереженің 11-қосымшасы).";
Toggle Dropdown
3-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"3-1. Ай сайын қағаз тасымалдағышта жасалатын есеп беруге бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды, ол мөрмен расталады және Қорда сақталады. Қор уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы есеп беруді ұсынады.";
Toggle Dropdown
осы қаулының қосымшасына сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Стратегия және талдау департаменті (М.Б. Бөбеев):
Toggle Dropdown
1) Заң департаменті (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 наурыздағы N 64
қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
"Жинақтаушы зейнетақы
қорының есеп беру
ережесіне 11-қосымшасы
Toggle Dropdown
__________________ бастап _________________ дейінгі кезеңдегі
Toggle Dropdown
ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның қалдығы туралы есеп
Toggle Dropdown
___________________________________________
Toggle Dropdown
(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
Toggle Dropdown
| | Атауы | күні, айы, жылы | ... | ... | күні, айы, жылы |
Ағым- дағы шоттың сомасы | %-бен баланс бойынша актив- терге | ... | ... | Ағым- дағы шоттың сомасы | %-бен баланс бойынша актив- терге |
| А | 1 | 2 | 3 | ... | ... | ... | ... |
| | Ақша және ақша балама- лары, оның ішінде: | | | | | | |
| 1. | Қазақстан Республикасы екінші дең- гейдегі банк- терінің ағым- дағы шотта- рындағы ақша: | | | | | | |
1. 1. | | | | | | | |
1. n | | | | | | | |
| 2. | Резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша: | | | | | | |
| 2.1. | | | | | | | |
| 2 .n | | | | | | | |
| | Ағымдағы шот- тардағы ақша қалдығының жиынтығы | | | | | | |
| | Баланс бойын- ша активтер сомасы | | | | | | |
Toggle Dropdown
Есепке қол қоюға уәкілетті бірінші басшы немесе тұлға
Toggle Dropdown
_____________________
Toggle Dropdown
күні ___________________
Toggle Dropdown
Есепке қол қоюға уәкілетті бас бухгалтер немесе бірінші тұлға
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
күн _____________________
Toggle Dropdown
Орындаушы _____________ күні _____________________
Toggle Dropdown
Телефон: ___________________________________________
Toggle Dropdown
Мөрге арналған орын.".