Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 89 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6347 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептілікті ұсыну тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 тіркелген, «Заң газеті» газетасында 2005 жылғы 23 қыркүйекте № 111-112 (736) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінде:
Toggle Dropdown
2-тармақтың 11) тармақшасында «ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның» деген сөздер «меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
7-қосымшаның «Есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің жағдайы бойынша өз активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» кестесінде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 8-ші бағаны «бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «(құнсыздануға резервтер шегерілгенде)» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
Саудаға арналған Бағалы қағаздар, оның ішінде |
10 |
Toggle Dropdown
бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде |
10 |
Toggle Dropdown
Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар |
12 |
Toggle Dropdown
бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға резервтер шегерілген), оның ішінде |
12 |
Toggle Dropdown
11-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды түлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде енгізілген өзгерістерге сәйкес «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдірілуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 89 қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
«Жинақтаушы зейнетақы
қорының есеп беру
ережесіне 11-қосымша
Toggle Dropdown
________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
_______ жылғы «_____» _________________ жағдай бойынша
Toggle Dropdown
Меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының қалдықтары туралы есеп
Toggle Dropdown
(мың теңгемен)
Toggle Dropdown
№ | Атауы | Күні, айы, жылы | ... | ... | Күні, айы, жылы |
| | сомасы | %-бен баланс бойынша активтерге | ... | ... | сомасы | %-бен баланс бойынша активтерге |
1 | 2 | 3 | 4 | ... | ... | ... | ... |
1 | Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары, оның ішінде: | | | | | | |
1.1. | Кассадағы қолма-қол ақша | | | | | | |
1.2. | Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шоттарындағы ақша | | | | | | |
1.2.1. | | | | | | | |
1.2.n. | | | | | | | |
2. | Баланс бойынша активтер сомасы | | | | | | |
Toggle Dropdown
Бірінші басшы немесе есепке
Toggle Dropdown
қол қоюға уәкілетті тұлға _______________ күні ___________
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер немесе есепке
Toggle Dropdown
қол қоюға уәкілетті тұлға _______________ күні ___________
Toggle Dropdown
Орындаушы күні _______________ күні ___________
Toggle Dropdown
Телефон: ________________________________
Toggle Dropdown
Мөрдің орны».