• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 28.04.2012 г

Отправить по почте

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережені бекіту жөнінде Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 24 мамыр N 243 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 шілде N 1180 тіркелді

Қаулының күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 № 173 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
Редакция 01.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Сақтандыру заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:  
1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
#$: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):  
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;  
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiкті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн. 
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.     
Ұлттық Банк 
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2000 жылғы 24 мамырдағы
 N 243 қаулысымен
 бекітілген
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының 
 құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу 
 тәртiбi туралы ереже 
#$: Тәртіптің атауы және кіріспесі өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн белгiлейдi. 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар оларды әдiлет органдарында тiркеуден өткiзгенге дейiн сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) алдын ала мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс.      
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
2-тарау. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына 
 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру тәртiбi 
3. Сақтандыру ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:  
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;  
2) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) шешiмi;  
       3) сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың бұрынғы құрылтай құжатына қосымша түрiндегi немесе жаңа редакциядағы құрылтай құжаты ретiнде (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) ресiмделген, нотариат куәландырған үш данасы. Құрылтай құжатқа өзгерiстер мен толықтырулардың не жаңа редакциядағы құрылтай құжатының бiрiншi парағының жоғарғы сол жағында мынадай жазу болуы тиiс: "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен келiсiлдi. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасы (Төрағаның орынбасары) "___"_____________".  
Түзетiп не қосып жазылғаны, сызылған сөздер мен өзге де расталмаған түзетулерi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар қарауға қабылданбайды.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысымен.
4. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттар толық ұсынылған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 111 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
5. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың бiр данасы сақтандыру ұйымының iсiне тiгiледi және уәкiлеттi мемлекеттiк органда сақталады. Қалған даналары мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн өтiнiш берушiге қайтарылады. 
6. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың бiрiншi парағына уәкілетті мемлекеттік орган Төрағасы (Төрағаның орынбасары) қол қояды және уәкілетті мемлекеттік органның мөрiмен бекiтiледi.
#$: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысымен.
7. Мыналар сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiсiм беруден бас тарту негiздемелерi болып табылады:
1) енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың нәтижесiнде кредиторлардың құқығы бұзылса;  
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;  
3) осы Ереженiң 3-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса.  
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымына бастарту себебiнiң негiздемелерiн көрсете отырып, құрылтай құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беруден бастарту жөнiнде жазбаша хабарлайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 111 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
7-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар, оның ішінде әділет органдарында қайта тіркеуден өткізуді талап етілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға әділет органында тіркелген белгісімен және мөрімен құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістердің және/немесе толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.
7-1-тармақпен толықтырылды, өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76, 29(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс).03.2010 № 50 Өаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3-тарау. Сақтандыру ұйымына ерiктi түрде қайта құрылуға 
 рұқсат беру тәртiбi туралы  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 3-тарау алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.(8-13 тармақтар)
4-тарау. Сақтандыру ұйымына ерiктi түрде таратылуға 
 рұқсат беру тәртiбi  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 4-тарау алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.(14-23 тармақтар)
 5-тарау. Қорытынды ережелер 
24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес шешiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2000 жылғы 24 мамырдағы
 N 243 қаулысымен бекітілген
 Сақтандыру және қайта
 сақтандыру ұйымдарының
 құрылтай құжаттарына
 өзгерістер мен толықтырулар
 енгізу және олардың ерікті
 түрде қайта құрылуына және
 таратылуына рұқсат беру
 тәртібі туралы ережеге
 N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкінің Төрағасы
 ___________ мырзаға
Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта 
 құруды жүргізуге рұқсат алуға 
 Өтініш 
     ____________________________________________________________ 
              (өтініш берушінің атауы) 
      _____________________________"_____"___________ жылғы N_____ 
         (өткізілген жері) 
      құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес _______________________ 
      ____________________________________________________________ 
       (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы, 
      ____________________________________________________ ерікті 
       оның мекен-жайы көрсетіледі) 
түрде қайта құрылу жүргізуге рұқсат беруді сұрайды. 
 Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта  
құруды жүргізуге рұқсат алуға берілген осы өтінішті ресімдеуге  
      құқық берілген уәкілетті тұлға болып табылатын ____________ 
                                            (аты-жөні және 
      ____________________________________________________________ 
     аталған өкілеттіктер алу негізіне сілтеме) 
      ____________________________________________________________ 
      ____________________________________________________________ 
       (осы тұлғаның атқаратын қызметі және үйінің мекен-жайы) 
Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың және 
ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу 
және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қосымша 
ақпараттар мен осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын  
құжаттардың уақытылы тапсырылуына жауап береді. 
Қосымшалар (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген  
тізімі, олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны):  
     _________________________________________ 
      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 
атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы, 
күні, ұйым үшін - құжатты тіркеу күні)     
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2000 жылғы 24 мамырдағы
 N 243 қаулысымен бекітілген
 Сақтандыру және қайта
 сақтандыру ұйымдарының
 құрылтай құжаттарына
 өзгерістер мен толықтырулар
 енгізу және олардың ерікті
 түрде қайта құрылуына және
 таратылуына рұқсат беру
 тәртібі туралы ережеге
 N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкінің Төрағасы
 ___________ мырзаға
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде  
 тарату жүргізуге рұқсат алуға 
 Өтініш
___________________________________________________________ 
 (өтініш берушінің атауы)
    _____________________________"_____"___________ жылғы N_____ 
    (өткізілген жері) 
     құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес _______________________ 
     ____________________________________________________________ 
 (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының фирмалық атауы, 
     ____________________________________________________ ерікті 
       оның мекен-жайы көрсетіледі) 
түрде тарату жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.     
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату  
жүргізуге рұқсат алуға берілген осы өтінішті ресімдеуге  
      құқық берілген уәкілетті тұлға болып табылатын ____________ 
                                            (аты-жөні және 
      ____________________________________________________________ 
     аталған өкілеттіктер алу негізіне сілтеме) 
      ____________________________________________________________ 
      ____________________________________________________________ 
       (осы тұлғаның атқаратын қызметі және үйінің мекен-жайы)
Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың және  
ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу 
және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қосымша 
ақпараттар мен осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын  
құжаттардың уақытылы тапсырылуына жауап береді. 
Қосымшалар (жіберіліп отырған құжаттардың атап көрсетілген  
тізімі, олардың әрқайсысы бойынша данасының және парағының саны): 
     _________________________________________ 
      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 
атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы, 
күні, ұйым үшін - құжатты тіркеу күні)