Toggle Dropdown
13
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 ақпанда № 7447 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 13.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Имашев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
2
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалар:
Toggle Dropdown
1) мәмілелерді куәландыру;
Toggle Dropdown
2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру;
Toggle Dropdown
3) келісулерді куәландыру;
Toggle Dropdown
4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;
Toggle Dropdown
5) неке шарттарын куәландыру;
Toggle Dropdown
6) алимент төлеу туралы келісімін куәландыру;
Toggle Dropdown
7) өсиеттерді куәландыру;
Toggle Dropdown
8) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау;
Toggle Dropdown
9) сенімхаттарды куәландыру;
Toggle Dropdown
10) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
Toggle Dropdown
11) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау;
Toggle Dropdown
12) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру;
Toggle Dropdown
13) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру;
Toggle Dropdown
14) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру;
Toggle Dropdown
15) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру;
Toggle Dropdown
16) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;
Toggle Dropdown
17) фактілерді куәландыру;
Toggle Dropdown
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
Toggle Dropdown
19) ақшаларды депозитке қабылдау;
Toggle Dropdown
20) вексельдер наразылықтарын жасау;
Toggle Dropdown
21) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
Toggle Dropdown
22) теңіз наразылықтарын жасау;
Toggle Dropdown
23) дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
24) атқарушылық жазбаларды жасау;
Toggle Dropdown
25) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру;
Toggle Dropdown
26) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Toggle Dropdown
2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Toggle Dropdown
Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.
Toggle Dropdown
3. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
Toggle Dropdown
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Заңның 41-бабындағы негіздер бойынша кейінге қалдырылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
Toggle Dropdown
4. Баланың заңды өкілі ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар (бұдан әрі – баланың заңды өкілдері) болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.
Toggle Dropdown
Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
Toggle Dropdown
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
Toggle Dropdown
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;