• Мое избранное
Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2010 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1720 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.07.2010 № 679 Қаулысымен. (30.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) болып белгіленсін.
2. Жүктелген функцияларды іске асыру үшін Ұлттық операторға мынадай өкілеттіктер берілсін:
1) ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу, сондай-ақ оларды дамытуға қатысу;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге ықпалдасуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" инфрақұрылымының жобалық ықпалдастырушысы функциясын жүзеге асыру;
4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді енгізуді және оларды сүйемелдеуді жүзеге асыру, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқыту;
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметінің" веб-порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингі;
7) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының бірыңғай коммуникациялық ортасын құруға және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қатысу;
8) "электрондық үкімет" қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсету;
9) Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асыру.
3. "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 21-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                             К. Мәсімов