"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамызда № 294 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7182 тіркелді
Күші жойылды ҚР Әділет министрінің 31.01.2012 № 32 Бұйрығымен (23.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр P.Түсіпбеков
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі
______________ А.Жұмағалиев
23 тамыздағы 2011 жыл
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 294 бұйрығына 1 қосымша
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ереже
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.
Нұсқаулық нотариустардың құжаттармен жұмысын ұйымдастыру және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімін жүргізу (бұдан әрі - БНАЖ электрондық тізілімі) тәртібін регламенттейді және нақтылайды.
Мемлекеттік нотариустардың немесе жеке практикамен айналысатын нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерін тіркеу нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде жүргізіледі.
2. Нотариаттық іс жүргізу "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі.
3. Іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, мұрағаттық құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыруды аумақтық әділет органы бастығының бұйрығымен мемлекеттік нотариаттық кеңсенің бір нотариусы мемлекеттік нотариаттық кеңседе жүргізеді.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың іс жүргізуін және мұрағатын ұйымдастыруды және дұрыс жүргізілуін нотариустың өзі жүргізеді.
Осы Нұсқаулықтың талаптарын мемлекеттік нотариустің немесе жеке практикамен айналысушы нотариустың орындауын бақылауды аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе басқа жұмысқа ауысқан жағдайда оның мұрағатына, оның міндеттеріне жауапкершілік басқа нотариусқа жүктеледі, ол туралы қабылдау-табыстау актісі түзіледі. Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе тиісті жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде шара қабылдайды.
5. Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде жеке нотариустың БНАЖ электрондық тізіліміндегі деректерге қол жеткізу құқығы жеке нотариаттық мұрағатқа мына түрде беріледі:
аумақтық әділет органы БНАЖ-да нотариустың қызметіне тексеру тағайындалғаны туралы мәліметті (бұйрықтың күні, нөмірі, негіздемесі) тіркейді;
нотариаттық палата БНАЖ-да нотариустың мұрағаттық құжаттарын қабылдағаны және бергені туралы мәліметті тіркейді;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі БНАЖ-да лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы мәліметті (бұйрықтың күні, нөмірі, негіздемесі) тіркейді.
Аталған мәліметтерді тіркеген кезде БНАЖ-да болатын деректерге қол жеткізу жеке нотариаттық мұрағатқа ұсынылды.
Мемлекеттік нотариустың БНАЖ электрондық тізілімінің мәліметтеріне қол жеткізу құқығы мемлекеттік нотариусты жұмыстан босату туралы бұйрық туралы мәліметті БНАЖ-ға енгізу арқылы аумақтық әділет органына беріледі.
6. Жеке нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған, мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе демалыста болған кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұйрық қолданысқа енгізілген сәттен бастап бұйрық (бұйрықтың күні, нөмірі, тоқтата тұру мерзімі мен негіздемесі немесе жұмыстан босату, демалыста болуы) туралы деректерді енгізу арқылы нотариаттық іс-әрекетті БНАЖ электрондық тізіліміне тіркеу мүмкіндігін жабады. Лицензияның қолданысы қалпына келтірілген кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оның жолын ашады.
7. БНАЖ жұмысы тоқтап қалған жағдайда нотариус БНАЖ жұмысының тоқтатылғаны туралы акті жасайды, ол туралы БНАЖ арқылы БНАЖ тоқтаған сәттен бастап бір сағат ішінде осы Нұсқаулыққа 1 қосымшадағы нысан бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына хабарлайды.
БНАЖ жұмысы тоқтап қалған кезеңде жеке практикамен айналысатын нотариус пен мемлекеттік нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттерді тіркейді.
БАНЖ жұмысын қалпына келтірген кезде нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу үшін тізілімдегі жазбалар БНАЖ жұмысы қалпына келтірілген кезде ағымдағы күннен кешіктірілмей БНАЖ электрондық тізіліміне ауыстырылады.
8. Жеке практикамен айналысатын нотариустың немесе мемлекеттік нотариустың БНАЖ арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтерді жеке мақсаты үшін пайдалануына жол берілмейді.
2. Қызметтік құжаттарды дайындау
9. Қызметтік құжаттарды дайындау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 тіркелген) сәйкес ресімделеді.
10 Құжатты ұйымға, оның құрылымдық бөлімшесіне, лауазымды тұлғасына жіберген кезде оның атауы жолды әріптермен, жартылай қою шрифтімен атау септігінде, құжат жіберіліп жатқан лауазымды тұлға барыс септігінде жазылады.
Хат-хабардың пошталық мекенжайы құжат жіберіліп жатқан ұйымның атауынан кейін толығымен көрсетіледі. Құжат азаматтарға жіберілген жағдайда, алдымен пошталық мекенжайы, содан кейін алушының тегі мен аты-жөні көрсетіледі.
11. Құжаттардың уақытын көрсету екі түрлі тәсілмен жүргізіледі: күнін жазуда айы мен жылын цифрлармен, ал айының атауын сөзбен жазу (2011 жылдың 27 қаңтары), үш жұп араб сандары арқылы (27.01.11 ж.). Егер айдың саны мен нөмірі бір саннан тұратын болса, олардың алдынан "0" қойылады (02.02.11 ж.)
Егер құжат бланкіге жазылмаған болса, онда күні қолтаңбадан төмен құжаттың сол жағына қойылады.
12. Қызметтік құжаттардың барлық даналарына мемлекеттік нотариус немесе жеке практикамен айналысатын нотариус қол қояды (құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы, оның жеке қолы және оның толық мағынасы (мысалы, нотариус (қолы) О.О.Омарова)).
Комиссия дайындаған құжаттарға қол қойылғанда құжатты жасаған тұлғалардың қызметі көрсетілмейді, комиссия құрамындағы міндеттердің бөлінуі (комиссия төрағасы, комиссия мүшелері) көрсетіледі.
13. Құжатқа қоса берілетін қосымшалар құжат мәтінінен кейін әрбір қосымшадағы парақ саны мен даналардың саны жазылып аталып көрсетіледі. Егер құжатта мәтінде ескертілетін қосымшалар болса, онда қосымшада тек парақтар саны мен даналар саны көрсетіледі.
14. Сұрау салуға жауап берілгенде сұрау салынған құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме жасалады.
15. Екі және одан көп парақтан тұратын құжаттар нөмірленуге, баулануға және мөрмен бекітілуге тиіс."
3. Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу
16. Нотариусқа келіп түскен барлық хат-хабарлар, оның ішінде жеке практикамен айналысатын нотариусқа және мемлекеттік нотариаттық кеңсеге пошта бойынша немесе қолдан алып келген мұрагерліктен бас тарту туралы өтініш, мұрагерлікті қабылдау туралы өтініш, мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы өтініш тіркеуден өтуі тиіс.
Жеке практикамен айналысатын нотариус немесе мемлекеттік нотариус құжаттарды қолдан қабылдап алған кезде оны алғаны туралы қолхат береді.
17. Құжаттарды есепке алу үшін және оның орындалуын бақылау үшін нотариустар мынадай:
осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс хат-хабарларының журналын;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |