• Мое избранное

Отправить по почте

2

Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7445 тіркелді

«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже бекiтілсін.
2. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7182 болып тіркелген).
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2012 жылғы 31 қаңтардағы
 № 32 бұйрығына
 1-қосымша
3
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.08.2012 № 309 Бұйрығымен (31.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 жылғы № 150 Бұйрығымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Ұлттық Әділет министрінің 12.12.2019 жылғы № 596 Бұйрығымен (29.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 жылғы № 358 Бұйрығымен (12.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізу тәртібін 4 тармағынан қараңыз)
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.
жеке практикамен айналысатын нотариустың (бұдан әрі – жекеше нотариус);
мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі – мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізуінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Нотариаттық іс жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі.
6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік архивке беру, архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.02.2026 жылғы № 204 Бұйрығына сәйкес (28.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
10) мөрді, мөртабандарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану;
11) мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібін анықтайды.
4. Іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, архивтік құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды тиісті архивке тұрақты сақтауға тапсыруды:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.02.2026 жылғы № 204 Бұйрығына сәйкес (28.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық архивтік құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.02.2026 жылғы № 204 Бұйрығына сәйкес (28.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық архивке беру бойынша шаралар қолданады.
Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.
Нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған, нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда нотариустың Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі (бұдан әрі – БНАЖ) кабинеті аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа, сондай-ақ жекеше нотариаттық архивке беріледі.
6. Жекеше және мемлекеттік нотариустар жасайтын және алатын құжаттарды есепке алу, істердегі құжаттарды топтастыру, оларды сақтау мерзімдерін айқындау істер номенклатурасымен реттеледі.
Істер номенклатурасы – оларды сақтау мерзімі көрсетілген істер атауларының (тақырыптарының) жүйеге келтірілген тізбесі.
7. Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделеді.
9. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау үшін:
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да кіріс құжаттарын тіркеу журналы;
осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да шығыс құжаттарды тіркеу журналы жүргізіледі.
10. Кіріс құжаттарының бірінші бетінің төмен оң жақ шетінде кіріс құжаттарын тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі және оларды тіркеген күні қойылады.
11. Шығыс құжаттарында осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тіркеу мөртабаны қойылады.
12. Құжаттар адресаттарға пошта арқылы (белгілі электрондық адреске көшірмесін жолдай отырып) жіберіледі немесе қолма-қол беріледі.