Toggle Dropdown
Осы редакция 15.03.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қараша N 1389
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1) Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
N 1389 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада:
1-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 9-тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 17-жолдағы 3-бағанда "нотариалдық" деген сөзден кейiн "қызмет" деген сөзбен толықтырылсын; "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-1-жолмен толықтырылсын:
"17-1. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызметпен
Әдiлет министрлiгi байланысты емес
Тiркеу қызметi комитетi ақылы заң қызметiн көрсету, мүлiктi бағалау".
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
N 1389 қаулысымен бекітілген
Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi
1. Осы Ереже мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берудiң тәртiбiн, лицензия алуға өтiнiш берушіге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
Лицензиар - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар берудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi.
Лицензиаттар - берiлген лицензияларға сәйкес мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қойылатын шарттарда және тәртiппен лицензия алады.
Лицензия - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаларға Лицензиар беретiн рұқсат.
3. Лицензиар Лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, тоқтатыла тұратын және қайтып алынған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн Лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзедi. Тiзiлiм жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Лицензиар белгiлейдi.
4. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қосымшасымен бірге берiледi.
Лицензияға қосымшада бағалауды Лицензиат жүзеге асыруға құқылы мүліктердің түрлері көрсетiледi, атап айтқанда:
1) мүлiктi бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе,
2) зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердің құнын бағалау.
Қосымшасында "мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда)" көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi (мүлік кешенi ретіндегi кәсiпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлiктi (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады.
Қосымшасында "зияткерлік меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" көрсетілген лицензияның негiзiнде зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жүзеге асырылады.
Қосымшасында 1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүлiктiң түрлерi көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау, жылжымалы мүлiкті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы жарналарды, үлестердi (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншiк объектілерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау, сондай-ақ мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды бағалау жүзеге асырылады.
4-1. Мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуы шектеусiз мерзiмге берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.