1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 25.05.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қараша N 1389
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2,3-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.06.2002. № 689 қаулысымен. (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 2 қарашадағы
N 1389 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.03.2006. № 168 қаулысымен. (09.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 17-жолдағы 3-бағанда "нотариалдық" деген сөзден кейiн "қызмет" деген сөзбен толықтырылсын; "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-1-жолмен толықтырылсын:
"17-1. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызметпен
Әдiлет министрлiгi байланысты емес
Тiркеу қызметi комитетi ақылы заң қызметiн көрсету, мүлiктi бағалау".
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.07.2005. № 773 қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4,5-тармақтардың күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1120 қаулысымен. (24.06.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 2 қарашадағы
N 1389 қаулысымен бекітілген
Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берудiң тәртiбiн, лицензия алуға өтiнiш берушіге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
Лицензиар - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар берудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi.
Лицензиаттар - берiлген лицензияларға сәйкес мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қойылатын шарттарда және тәртiппен лицензия алады.
Лицензия - мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаларға Лицензиар беретiн рұқсат.
3. Лицензиар Лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, тоқтатыла тұратын және қайтып алынған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн Лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзедi. Тiзiлiм жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Лицензиар белгiлейдi.
4. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қосымшасымен бірге берiледi.
Лицензияға қосымшада бағалауды Лицензиат жүзеге асыруға құқылы мүліктердің түрлері көрсетiледi, атап айтқанда:
1) мүлiктi бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе,
2) зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердің құнын бағалау.
Қосымшасында "мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда)" көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi (мүлік кешенi ретіндегi кәсiпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлiктi (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады.
Қосымшасында "зияткерлік меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" көрсетілген лицензияның негiзiнде зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жүзеге асырылады.
Қосымшасында 1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүлiктiң түрлерi көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау, жылжымалы мүлiкті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы жарналарды, үлестердi (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншiк объектілерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау, сондай-ақ мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды бағалау жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.08.2005. № 821 (25.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4-1. Мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуы шектеусiз мерзiмге берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.08.2005. № 821 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
5. Лицензия мен қосымшасының бланкілерi қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тiркеу нөмiрi болады.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.08.2005. № 821 (25.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
6. Лицензиар лицензиялар мен қосымшалары бланкiлерiнiң есебiн алуды және сақтауды жүзеге асырады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.08.2005. № 821 қаулысымен (25.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |