1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi құрылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2006. № 509 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi туралы ереже;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы ереже;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi туралы ереже;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi комитеттерiнiң құрылымы;
8) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
9) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;
9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;
10) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту, Техникалық реттеу және метрология, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi, инвестициялар комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.08.2005. № 871, 06.06.2006. № 509 қаулыларымен. (01.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiне үш орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестіктi қорғау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Инвестиция комитетiнiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (25.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.
11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |