1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2010 № 416 Қаулысымен. (31.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2010 № 416 Қаулысымен. (31.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2006 № 509, 02.08.2006 № 730 қаулыларымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.06.2006 № 589 қаулысымен. (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Қоса берiлiп отырған:
1) - 7) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2007 № 1180 Қаулысымен (18.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
8-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
9) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.08.2006. № 730 Қаулысымен. (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
9-1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.02.2008. № 141 Қаулысымен. (28.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
10) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгі Өнеркәсіп, Техникалық реттеу және метрология, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.08.2005 № 871, 06.06.2006 № 509, 27.06.2006 № 589, 09.04.2007 № 280, 07.05.2008 № 429, 15.07.2009 № 1071, 14.05.2010 № 416 Қаулыларымен. (01.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2007. № 1180 Қаулысымен (18.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.
11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.05.2010 № 416 Қаулысымен. (31.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті, Атом энергетикасы комитеті, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |