Toggle Dropdown
51
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 11.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
Toggle Dropdown
1
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
Toggle Dropdown
2
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
Toggle Dropdown
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже
Toggle Dropdown
1
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; көмiр өнеркәсiбi; атом энергиясын пайдалану, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында басшылық етудi, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi – реттелетiн салалар) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің мынадай ведомстволары бар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Инвестиция комитетi;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Туризм индустриясы комитетi;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Өнеркәсiп комитетi;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Техникалық реттеу және метрология комитетi;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Атом энергиясы комитеті.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
Toggle Dropdown
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құрылтай құжаты болып табылады.