• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қоса беріліп отырған: 
1) Агенттік туралы ереже; 
2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі; 
2-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2008 № 1127 Қаулысымен. (22.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 15 ақпандағы
 N 141 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. "Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі; 
2. "Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі; 
3. "Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі; 
4. "Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі; 
5. "Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі; 
6. "Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі; 
7. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма"   мемлекеттік мекемесі, "Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 15 ақпандағы
 N 141 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - монополияға қарсы инспекциялары болады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.08.2008 № 763, 20.12.2010 № 1372, 30.12.2011 № 1743 Қаулыларымен (15.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 
010000, Астана қаласы, Сол жағалау, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс. 
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.02.2008. № 124 Қаулысымен.
9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет   қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Монополияға қарсы органның міндеттері: 
1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу; 
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу; 
3) экономикалық шоғырлануға бақылау; 
4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады. 
13-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен.
14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 
3) монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;