• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 мамырдағы N 416 Қаулысы

Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті болып;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті болып;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті болып;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті болып;
7) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
8) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Ядролық технологиялар паркі», «Достық Энерго» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін және «Қазақстан келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 50 %-ын иелену және пайдалану құқығын берсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 мамырдағы
 № 416 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Өскемен қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Ақтөбе қаласындағы «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Көкшетау қаласындағы «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Қарағанды қаласындағы «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алматы қаласындағы «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 мамырдағы
 № 416 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті болып.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті болып.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті болып.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті болып.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа Технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті болып.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті болып.
9. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті болып.
10. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті болып.
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті болып.
12. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті болып.
13. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа  технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
14. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
15. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті болып.
16. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті болып.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 мамырдағы
 № 416 қаулысына
 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 26 қарашадағы
 № 1237 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті, Атом энергетикасы комитеті, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан  Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.