• Мое избранное

Отправить по почте

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 878 Қаулысы

2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн: 
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстандық бөлігінiң инфрақұрылымын құру, дамыту және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 
оны құру мақсаттарына қол жеткiзу мақсатында қызметiн "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігiнің аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен және шаруашылық жүргiзушi субъектілермен өзара iс-қимыл жасау; 
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамытудың ағымдағы, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің аумағында Келiсiмде айтылған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға әлеуетті инвесторларды тарту; 
Келiсiмде айтылған және "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлiгiн басқару жөніндегi уәкілетті органмен келісiлген шаруашылық қызмет түрлерiн жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлсiн.
4. Алматы облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен географиялық координаттары, орналасу схемасы және шекаралары Келiсiмде келтірілген алаңы 120 (бiр жүз жиырма) гектар жер учаскесін қайтарымды ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында Қоғамға берсін.
5. Қоғам ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен: 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін; 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесіп: 
1) Қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
2) Қоғамды Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Сыртқы iстер, Көлiк және коммуникация, Қаржы министрліктерiнің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша), Алматы облысы әкiмдiгінің өкiлдерiнен және Қоғамның атқарушы органының басшысынан Қоғамның директорлар кеңесiн қалыптастырсын. 
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.03.2006. № 164 қаулысымен. (25.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2005 жылғы 25 тамыздағы
 N 878 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде: 
"Алматы облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 38-3-жолмен толықтырылсын: 
"38-3. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" AҚ".
2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесi: 
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-18-жолмен толықтырылсын: 
"237-18. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ (Алматы облысы)".
3. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қыркүйектегі N 981  қаулысында: 
1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (14.03.2006 ж. редакцияны қараңыз)
5. "Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 тамыздағы N 858  қаулысында: 
3-тармақта "1000000000 (бiр миллиард)" деген сөздер "500000000 (бec жүз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2005 жылғы 25 тамыздағы
 N 878 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2004 жылғы 26 қарашадағы
 N 1237 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы.